#100есімsmu – Қалдыбаев Мұзаффар Ахметсафаұлы

Мұзаффар Ахметсафаұлы 1946 жылдың 17 қаңтарында Ұлы Отан соғысы аяқталған қиын-қыстау кезеңде, әкесі Ахметсафа атайдың үйінде, Талдықорған облысы Бөрілітөбе ауданы, Максим Горький атындағы колхозда өмірге келген. Сол жылы, 1-2 айдан кейін, отбасы Лепсі бекетіне көшкен. 1953 жылы Лепсінің теміржол мектебіне бірінші класқа түскен, үздік оқыған, ал екінші класты, әкесінің Семейге көшуіне байланысты, сол қалада жалғастырды.…

«Балалардағы аллергиялық аурулардың профилактикасы» атты санитарлық-ағарту жұмысы жүргізілді

Д.М. Тусупова атындағы педиатрия кафедрасында ассистент, PhD Абылгазинова А.Ж ,басшылығымен жалпы медицина факультетінің 5 курс 515 топ студенттері «Балалардағы аллергиялық аурулардың профилактикасы» атты түсіндіру жұмысы жүргізілді. Профилактикалық түсіндіру шарасы «Венера» көпсалалы балалар ауруханасындағы ем алып жатқан балалардың ата – анасына оқылды. Негізгі мақсатымыз: балалардағы аллергия туындауына әкелетін себептер жайлы және оның алдын алу туралы. Ата…

Семей медицина университетінде Дивали мерекесі атап өтілді

2019 жылдың 27 қазанда университетіміздің шетел бөлімінің студенттері дәстүрлі үлкен және маңызды Дивали мерекесін атап өтті. Үндістандағы Дивали (Дипавали) — үлкен құлшыныспен атап өтетін индуистердің ірі фестивальдерінің бірі. Мереке 5 күн қатарынан өтеді, 3 күн ең маңызды болып саналады — дәл осы уақытта оттар фестивалі өтеді. Мерекеде түрлі-түсті Фейерверктер ұйымдастырылады, өз үйлерінің айналасында дәстүрлі дип…

Абай атындағы театрдағы қойылым

12 қазанда Семей медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығының 105 тобы Абай атындағы театрға «Блэз» атты қойылымын тамашалауға барды. Топ студенттері дарынды актерлердің образдарды сомдауына және қойылымға тәнті болды. Оқушылар мен оқытушылар тағы да актерлардың дарынына және әлемді көру қабілетіне, шығарма тақырыбының өзектілігіне қайран қалды. Осындай іс-шаралар студенттердің қызығушылығын оятып, эстетикалық тәрбие алып, рухани дамуына игі…

ШҚО жастар саясаты белсенділері мен мамандары бас қосты

2019 жылғы 8-10 қазан аралығында Семей қаласындағы демалыс базаларының бірінде Абай облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Жастық жігер» атты лагерь өтті. Жас белсенділер лагеріне Семей медицина университеті жастар саясаты бөлімінің маманы Дәурен Хасенов қатысты. Іс-шара Абай облысының белсенді жас мамандары, жастар саясаты бөлімі мамандарының қатысуымен өтті. Аталмыш іс-шара барысында «Қазақстанның 100 жаңа есімі»…