Сенбіліктегі әскери кафедра

“Семей медицина университеті” КЕАҚ Басқарма Төрағасы – ректорының өкіміне сәйкес 2025 жылғы 12 сәуірде әскери кафедраның барлық ұжымы сенбілікке қатысты, сенбілік барысында химиялық корпустың, әскери кафедраның плац айналасындағы аумақ ретке келтірілді. Сенбілік қызметкерлердің белсенді қатысуымен және үлкен эмоционалды әсер алу аясында өтті. Әскери кафедра бастығы  медицина қызметінің полковнигі Ш. Орынбасаров

“A.A.Қозбағаров атындағы акушерия және гинекология кафедрасында” ашық есіктер күні

02.04.2025 жылы, Семей қаласының Медицина Университетінің “Қозбағаров атындағы акушерство және гинекология” кафедрасында ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күні барысында кафедра завучы Кинаятова Шолпан Кайратовнаның жетекшілігімен университетіміздің 7 курс студенттеріне резидентура бойынша ақпараттар, оқу барысы айтылды. Студенттерді ақпараттандыру және қызығушылықтарын арттыру мақсатымен клиникалық жағдайлар талданып, күнделікті науқастармен жүргізілетін жұмыстармен таныстырылды.

Қазақ тілі пәнінен шетел студенттеріне университетішілік олимпиада

07.04.2025ж Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ЖББП кафедрасы   мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында 1  курс  шетел студенттерінің арасында қазақ тілінен пәндік  университетішілік  олимпиада өтті. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде тақырып бойынша мәтін құрастыру; екінші кезеңде күнделікті тұрмыстық жағдайларға байланысты 3 сұраққа жауап беру  болды. Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды   1501 топ студенті Sushree…

Бастауыш сынып оқушыларына ауыз қуысының гигиенасы сабағы

“Дүниежүзілік денсаулық күніне” орай кафедра ассистенті Г.Л. Касенова мен стоматология факультетінің 306-шы тобы 07.04.2025 жылы Семей қаласының №22 мектеп-лицейіне барып, бастауыш сынып оқушыларына ауыз қуысының гигиенасы сабағын өткізді. Балалар тістерді үнемі тазалаудың маңыздылығы, дұрыс тазалау техникасы, сондай-ақ сау тістерге ықпал ететін дұрыс тамақтану туралы айтты. Сабақ балаларға қызықты әрі түсінікті болу үшін иллюстрациялар мен практикалық…

“Күміс университеті” жобасы – “Наурыз – заман көпірі: ұрпақтар дәстүрі мен даналығы”

2025 жылдың 19 наурызында “Күміс университеті” жобасы аясында ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының қызметкерлері, кафедра меңгерушісі Амренова К.Ш. және кураторлық топтармен бірге Абай облысы, Семей қаласының КММ “№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы” Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өткізді. Наурыз-көктемгі жаңару мерекесі, бұл күні адамдар сәнді киінеді, туыстары мен жақындарына қонаққа барады,…