«Күміс университет» жобасы: пациенттерге көмек, қамқорлық және қолдау

2026 жылғы 21 мамыр күні «Күміс университет» жобасы аясында кафедра ассистенті Салықбаева Көркем Сағатбекқызы «Жалпы медицина» мамандығының 4416 кураторлық тобының студенттерімен бірге Семей қаласының «Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасы» қызметкерлеріне көмек көрсетті. Іс-шара барысында студенттер медициналық мекеменің жұмысына белсенді қатысып, медицина қызметкерлері мен пациенттерге қолдау көрсетті. Болашақ дәрігерлер медициналық құжаттарды толтыруға көмектесіп, емшара кабинетінде…

Семей медицина университеті» КеАҚ Өскемен филиалында сенбілік өткізілді

27 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Семей медицина университеті» КеАҚ Өскемен филиалында 6 және 7 курс интерндері мен кафедра ассистенттерінің қатысуымен сенбілік өткізілді. Іс-шара филиал аумағын абаттандыру, сондай-ақ болашақ медицина мамандарының жауапкершілігін, ұйымшылдығын және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Сенбілік барысында қатысушылар филиал аумағына жақын жерлерді тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді: қоқыстардан тазартты, жасыл…

Интерндердің мәдени демалысы: кинотеатрға бару

733-топ интерндері куратор Мукажанова А.К.-мен бірге кинотеатрға барып, «Пейіш» фильмін тамашалады. Бұл іс-шара студенттердің рухани-адамгершілік дамуын арттыру және ұжымдағы достық атмосфераны нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Ана махаббаты, отбасылық құндылықтар және адамаралық қарым-қатынасқа арналған фильм көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Көрсетілімнен кейін студенттер өз әсерлерімен және ойларымен бөлісіп, ата-ананы құрметтеу, жақындарға қамқор болу және отбасы құндылықтарын сақтау қаншалықты…

Денсаулық – басты байлық

ALTAI телеарнасы — Шығыс Қазақстан облысының негізгі өңірлік, облыстық деңгейдегі телеарна. Осы арнаның тікелей эфиріндегі «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында  «СМУ» КеАҚ Өскемен филиалы ЖДТ кафедрасының ассистенті Жунусова Меруерт Қуанышпекқызы «Денсаулық – басты байлық» тақырыбында сұхбат берді. Тікелей эфир барысында әйел денсаулығын сақтау мен нығайтудың өзекті аспектілері қарастырылды. Бағдарламада репродуктивті денсаулықты қорғау, жүктілікке дейінгі дайындықтың клиникалық маңыздылығы, ана…

Қазақстанның киелі орындарына экскурсия: Жидебайдағы «Абайдың үй-музейі»

26.04.2026 жылы «Семей медициналық университеті» КеАҚ 3-курс студенттері психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті, 3103 топ кураторы Алмагамбетова А.А.-ның жетекшілігімен Қазақстанның киелі орындары мен Абай облысының тарихи көрікті жерлеріне экскурсия жасап, Жидебайдағы «Абайдың үй-музейіне» барды. Абайдың үй-музейі сегіз бөлмеден тұрады, әр бөлмеде түрлі экспозициялар ұсынылған. Үйдің ішкі көрінісі сол дәуірдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін бейнелейді. Мұнда ақынның…