КеАҚ «Семей медицина университеті» әскери кафедра студенттерінің әскери ант қабылдауы

2026 жылғы 6 мамырда сағат 10:00-де КеАҚ «Семей медицина университетінің» әскери кафедрасының сап алаңында әскери-оқу практикасынан өтіп жатқан студенттердің әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Іс-шара болашақ запастағы офицерлердің бойында әскери борыш, ар-намыс және Қазақстан Республикасына адалдық сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Рәсім белгіленген дәстүрлерге сәйкес өтті. Студенттерді әскери антқа келтіру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы…

Ерлікке тағзым – ұрпаққа өнеге

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Семей медицина университеті әскери кафедрасының 408 стоматология және 4206 медицина топтарының курсанттары әскери кафедра бастығы Шыңғыс Оразмұхамедовичтің жетекшілігімен №3593 эвакогоспитальде қайтыс болған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, ескерткіш басына гүл шоқтарын қойды. Іс-шара барысында курсанттар майданда ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың ерлігіне құрмет көрсетіп, олардың Отан алдындағы жанқиярлық еңбегін еске алды.…

Қазақстанның киелі орындарына экскурсия – Жидебайдағы «Абай–Шәкәрім» мемориалдық кешеніне бару

26.04.2026 жылы «Семей медициналық университеті» КеАҚ 3-курс студенттері психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті, 3103 Медицина тобының кураторы Алмагамбетова А.А.-ның жетекшілігімен Қазақстанның киелі орындарына экскурсия жасап, Жидебайдағы «Абай–Шәкәрім» мемориалдық кешеніне барды. «Абай–Шәкәрім» мемориалдық кешені – сәулеттік идеясы мен техникалық орындалуы жағынан бірегей нысан. Жидебайдағы «Абай–Шәкәрім» мемориалдық кешені студенттер үшін аса маңызды. Ол ұлттық сананы қалыптастырудың, патриоттық…

“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясына студенттердің қатысуы

2026 жылғы 25 сәуірде Қарағайлы шағынауданындағы Республика алаңында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен телекөпір өтті. Осы маңызды қоғамдық-экологиялық іс-шараға “Қоғамдық денсаулық” мамандығының 401 тобының студенттері топ кураторы М.Б. Бейсенгазинамен бірлесіп қатысты. телекөпірге қатысу білім алушыларға қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму мәселелерінде қоғамның күш-жігерін шоғырландыруға бағытталған…

«Таза Қазақстан» аясындағы сенбілік

2026 жылдың 25 сәуірінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР ҰҒА академигі Т. Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы Оралханова С.М. 1102 «Медицина» ОБ кураторлық тобымен бірлесіп №1 жатақхана ауласында сенбілік өткізді. «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы сенбіліктің мақсаты – университет аумағының тазалығын қамтамасыз ету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, студенттер…