Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 324 топ ЖМ студенттері мен кураторы, «Балалар аурулары пропедевтикасы» кафедрасының ассистенті А.Е. Смагулованың ұйымдастыруымен «Ирландиялық Хосписте» мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мерекелік әндер, сыңғырлаған домбыраның әуені, тәтті сыйлықтарды тарту арқылы науқастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Студенттерге науқастар ризашылығын білдіріп, үлкендердің батасын алды.