«Ауыл спорт ойындары»

2025 жылдың 20 маусымында әскери кафедра бастығы, медицина қызметінің полковнигі Ш.О.Орынбасаров «Тұрақты даму мақсаттарының» № 3 тармағын орындау үшін әскери кафедраның оқу-жаттығу жиынына қатысушы курсанттармен бірлесіп Семей қаласының “Арена” спорт кешенінде өткен “Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған ауыл спорты ойындарының” ашылу салтанатты жиынына қатысты. Әр курсант іс-шараға қатысушы ауыл-аймаққа, сондай-ақ өз ауылдарының спортшыларына жанкүйер бола…

Ақпарат «Акушерлік қан кету» тақырыбында жазғы мектеп бойынша

А.А. Қозбағаров атындағы акушерия және гинекология кафедрасы кафедраның 2024-2025 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес жазғы мектепті өткізді. Бұл тренинг кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Танышева Гүльяш Алтынғазықызының жетекшілігімен Семей, Өскемен, Павлодар қалаларының 1,2,3 курс резидентеріне аралас форматта 2025 жылдың мамыр және маусым айларында өткізілді. Таңдалған тақырыптың өзектілігі болашақ акушер-гинеколог және оның дамуы үшін маңызды. Барлық…

Оқу жиындарында құқықтық жалпыға бірдей оқыту!

2025 жылғы 11 маусымда “Әскери кафедраның 2024 – 2025 оқу жылына арналған тәрбие және әскери – патриоттық жұмыс жоспарына” сәйкес оқу ротасының курсанттары Шығыс өңірі әскери прокуратурасының аға прокуроры, әділет майоры Ережан Меллатқызы Дүйсенбаевамен және Абай гарнизоны әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімі бастығының өкілі полиция капитаны Амангелді Сымбат Бектұрұлымен кездесті. Аталған әскери қызметшілер курсанттармен…

Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының қайырымдылық пен қамқорлық ісіне қосқан

2025 жылғы 10 маусымда ҚР ҰҒА академигі Т. Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары 1101, 1102, 1103, 1110, 1111, 1112, 1113, 2128 кураторлық топтардың студенттерімен бірлесіп, Семей қаласындағы №8 балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетті. Акция аясында 5 пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған заттар сатып алынып, табысталды. Бұл бастама оқытушылар мен…

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерімен кездесу

2025 жылғы 11 маусымда «Әскери кафедраның 2024 – 2025 оқу жылына арналған тәрбие және әскери – патриоттық жұмыс жоспарына» сәйкес оқу ротасының курсанттары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері запастағы медицина қызметтің подполковнигі Ақылбек Тұрлыханұлы Құсмановпен кездесті. Ол курсанттарға медицина офицерлерінің әскери қызметінің әртүрлі аспектілері, ҚР ҚК-дегі келісімшарт бойынша қызметтің жеңілдіктері мен перспективалары туралы айтып берді.…