Әлия ерлігі – өшпес тарих…
Кеңес Одағының батыры, қазақтың қайсар қызы Алия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына байланысты, «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында, 27 қазан 2023 жылы, аға оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаиловтың ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өтті. Аққан жұлдыздай жарқ етіп жоқ болған, қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешкен Әлия Молдағұлованың ерлігімен таныстық. Тәрбие сағатының мақсаты – батыр қызымыздың…





