Профессор М. Н. Мусин атындағы фармакология кафедрасының профориентациялық жұмысы

2022 жылдың 27-28-ші қарашасында профессор М. Н. Мусин атындағы фармакология кафедрасының оқытушысы Махатова Асем Рамазановна мен клиникалық фармакология кафедрасының резиденттері Жаңыл Болатовна, Асем Амирхановна №43, №48 мектеп оқушылар арасында профориентациялық жұмыс жасады. Профориентациялық жұмыс барысында оқушыларға медицина университетінің барлық факультеттерінің артықшылықтары, оқу мерзімі, грант иегері, оқуға түсуге дайындық курстары туралы мәліметтер берілді.[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row]

АИТВ бойынша олимпиада

АИТВ денсаулық сақтаудың негізгі жаһандық проблемасы болып қала береді. Эпидемия басталғаннан бері 79,3 миллион адам АИТВ-ны жұқтырды, олардың 36,3 миллионы ЖИТС-ке байланысты аурулардан қайтыс болды (ЮНЭЙДС, 2021). Бірінші желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні, ДДҰ бастамасымен 1988 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Университетімізде жыл сайын осы күнге арналған іс-шаралар өткізіледі. Шарамыз да alma…

Шала туылған балалар күніне арналған акция

17 қарашада Халықаралық шала туылған нәресте күні атап өтіледі. Оның негізгі міндеттері келесідей: адамдардың осы мәселе туралы хабардарлығын арттыру; шала туылуға әкелетін негізгі себептер; осындай баласы бар отбасылардың мәселелері және оларды шешу жолдары; шала туылған балалар мен олардың отбасыларына көмектесетін жеке адамдар, мамандар мен қайырымдылық ұйымдары туралы. “Неврология, офтальмология және оториноларингология” кафедрасының қызметкерлері кураторлық топтармен…

Студенттер арасындағы тұлғааралық қақтығыстардың алдын алу

2022 жылы 17 қарашада «Ішкі аурулар мен ревматология» кафедрасының доценті Капанова Г. К. №1 студенттер үйінде кезекшілігі кезінде студенттердің жатақханадағы тұрмыс жағдайларымен танысып, студенттермен «Студенттердің арасындағы тұлғааралық қақтығыстардың алдын алу» тақырыбына сұхбат өткізді. Сұқбат кезінде адамдар арасында қайырымды, көршілік өзара қатынас болу керектігі, тұлғааралық мәселелерді өркениетті тәсілдермен шешу қажеттілігі баса айтылды.   «Ішкі аурулар мен…

Кураторлық топтардың АИТВ инфекциясы бойынша олимпиадаға қатысуы

23 қарашада Смаил Е. М. және Маукаева С. Б. оқытушылардың кураторлық топтары АИТВ-инфекциясына арналған олимпиадаға белсенді қатысты. Студенттер АИТВ-инфекциясы туралы бейнефильм жасады, викторинаға, флешмобқа белсенді қатысты. Нәтижесінде топ викторинада ең көп ұпай жинап, 1 орынға ие болды. Бұл іс-шара дәстүрлі түрде кураторлық топтар арасында өткізіледі және осы нозологияны дамытуда теориялық білім мен практикалық дағдыларды дамытуға…