Менің елім – Қазақстан
«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әскери кафедрасында тәрбие жұмысына жауапты запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденұлының бастамасымен 4427 топта 2022 жылдың 8желтоқсан күні студенттердің патриоттық сезімін нығайту мақсатында “Жаңа Қазақстандық патриотизм” атты семинар сабақ өтті. Қазақстандық патриотизмнің негізі — ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан…





