Тарихи естеліктер жолымен

әрбие жұмысы аясында және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері замануи армиясының әскери техникасы мен қару-жарақтарының негізгі түрлерімен танысу мақсатында «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының офицерлері м/қ полковнигі Орынбасаров Ш.О., м/қ подполковнигі Матыцин А.В., м/қ подполковнигі Смаилов Н.С жетекшілігімен кафедрада білім алушы курсанттар Семей қаласының Әскери техниканың ашық аспан мұражайына және Гарнизондық офицерлер үйіне саяхат жасады.…

«Эстетикалық реставрация» тақырыбында олимпиада

Терапиялық стоматология кафедрасында стоматология факультетінің 5 курс студенттері арасында “Рухани жаңғыру” бағдарламасына орай “Эстетикалық реставрация”тақырыбында олимпиада ұйымдастырылып өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау. Олимпиада 4 кезеңнен тұрды: 1 кезең-тестілеу, 2 кезең-үй тапсырмасы (ермексаздан, модельдеу балауызынан тіс үлгісін жасау және т.б.), 3 кезең – композиттік пломбалық материалдан толтыру…

Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы жаңалықтармен таныстыру

2022 жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Раисов Т.Қ. атындағы Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы инновациялар» тақырыбында кеңес өтті. Кафедра меңгерушісі Оразалина А.С. кафедра оқытушыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясаттың тармақтарымен таныстырды: басшылардың қарамағындағылары үшін жауапкершілігі туралы, мемлекеттік қызметшілер мен олардың туыстарының сыйлықтар қабылдауға тыйым салу туралы, сыбайлас жемқорлыққа…

Резидентураның білім беру бағдарламаларын аккредитациядан өткізу

23-25 мамыр аралығында Семей медицина университетінде Еуразиялық Аккредиттеу және білім беру мен денсаулық сақтау сапасын қамтамасыз ету орталығының сыртқы сараптама комиссиясы резидентураның білім беру бағдарламаларын аккредиттеу бойынша жұмыс жүргізеді.

Патологиялық физиология кафедрасындағы академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық – жоғары оқу орындары оқытушыларының оқу немесе сабақ беру мақсатында белгілі бір уақыт ішінде өз елінің шегінде немесе одан тыс басқа оқу немесе ғылыми мекемеге ауысуы. Академиялық мобильділік аясында профессор Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Қозыкенова Ж.У. 2022 жылдың 25-28 сәуірі аралығында Марат Оспанов атындағы БҚМУ патологиялық физиология кафедрасында…

«Күміс Университет» жобасы аясындағы мейірімділік пен жылулық күні

Адам жақсылық жасаса бақытқа кенеледі.  Кейде мейірімді сөз, мейірімді көзқарас, жақын қолдау көрсету адамға жеткілікті. Бір-бірімізге риясыз көмектесе отырып, біз жанымыздың бір бөлігін береміз. Бақытымызға орай, әлемде тек жүректің қалауымен көмектесе алатын көптеген қамқор адамдар бар. Бүгін үлкен қауымның жанын жылытқан мейірімділік пен жылулық күні болды. “Күміс Университет” жобасы аясында ҚР ҰҒА академигі Т. Қ.…

Медицина мектебі деканының «Таза сессия» аясында студенттермен кездесуі

2022 жылдың 16-20  мамыр аралығында Медицина мектебінің деканы Узбекова С.Е. «Жалпы медицина», «Педиатрия» білім беру бағдарламаларының студенттерімен жазғы сессия алдыңдағы кезекті кездесуін өткізді. Жиналыстың  басты мақсаты – студенттердің жазғы емтихан сессиясына байланысты туындаған сұрақтарына жауап беру, академиялық адалдықты сақтау ережелерін еске салу. Жиналыс барысында университеттің жазғы емтихан сессиясының өткізілу тәртібі мен  кестесі таныстырылып, студенттердің оқу…

Онлайн мастер-класс

25 сәуірде И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының студенттері мен резиденттеріне арналған онлайн мастер-класс сабағы өткізілді. Мастер-класс «zoom» платформасында өтті. Бұл дәріске қатысу студенттерге жаңа білім алуға және бұрыннан бар білімді бекітуге мүмкіндік берді.  Студенттер жоғары қызығушылық таныта отырып, талқылауға белсене қатысты. 🔹 Ұйымдастырушылар: «МУС» КЕАҚ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы, кафедра меңгерушісі Амренова К.Ш.,…

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша кураторлық сағат.

2022 жылдың 20 мамырында қалыпты физиология кафедрасының оқытушысы, куратор Қ.Ж. Амангелдинаның басшылығымен «жалпы медицина» мамандығының 2113 тобымен кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттерге «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының республикалық референдумға шығарылып жатқанын жеткізу. 2022 жылдың 5-ші маусымында жалпыхалықтық референдум өткізілетін болды. Президентіміздің мақ­саты – халқыма мейлінше еркін­дік беру, демократия…

ҚР референдумына арналған кураторлық сағат.

2022 жылдың 16 маусымында Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының кураторлары «Жалпы медицина» мамандығының номер 1105, 1107, 2102, 2104, 2112, 2114 топтарымен кураторлық сағат өткізді. 2022 жылғы 5 маусымда өтетін Республикалық референдумға қатысты мәселелер талқыланды. Кураторлар студенттерге «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының республикалық референдумға шығарылып жатқанын жеткізді. Президенттің айтуынша, жалпыхалықтық…