«Денсаулық сақтау жүйелеріміздің болашағы: беделі, мотивациясы, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке арналған құзыреттер» тақырыбы аясында онлайн кездесу

2022 жылдың 28 наурыз күні С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтау жүйелеріміздің болашағы: беделі, мотивациясы, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке арналған құзыреттер» тақырыбы аясында студенттермен онлайн кездесу өтті. Атаулы кездесуге Семей медицина университетінің білім алушылары онлайн қатысты. Кездесуде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және ДДҰ Еуропалық аймақтық директоры Ханса Клюге сөз сөйледі. Студенттер алдында сөйлеген…

«AMANAT» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Республикалық «Таза сессия» акциясы

2022 жылдың 28 наурыз күні «AMANAT» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты партиясы КеАҚ «Семей медицина университеті» студенттерінің қатысуымен «Таза сессия» акциясы шеңберінде сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 1-5 курс студенттері, магистранттар мен докторанттар қатысты. Сауалнама жүргізуге Айтмұқаш Алмас Виленұлы – «Amanat» партиясының жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, Даирова Дариға Абайқызы -…

Театрдың мәдени-тәрбиелік рөлі

26 ақпан  күні куратор Меруерт  Маликовнамен  және «Жалпы медицина» мамандығының 2206 топ студенттері Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрында  «Бес нәрсе» атты трагедия жанрында спектакльге барып қайтты . Театр актерлары  рөлді өте  керемет сомдап ерекше әсер қалдырды. Театрдан алған әсерлерін  топ студенттері  сөзбен жеткізу мүмкін еместігін айтты . Жастар арасында театрдың мәдени-тәрбиелік маңызы зор. Микробиология   кафедрасының…

ЖМФ 5105-5110 топ студенттерімен бірге дөңгелек отыр

28.03.22 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы Даланың Ұлы есімдері» жобасы бойынша факультеттік терапия кафедрасының доценті Шаханов Т.Е. ЖМФ 5105-5110 топ студенттерімен бірге дөңгелек отырыс өткізді. Әңгіме барысында Ұлы Даланың ұлыстарында тарихта белгілі болып қалған Ұлы есімдер аталды. Мәселен, Адамзат тарихында шығыстан батысқа төрт рет болған Ұлы Дала көштерін жасаған халқымыздың Ұлы басшылары – патша Қаратон,…

«Күміс университеті» жобасы аясында шара өтті

Белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ету, өмір сапасы мен әлеуметтік белсенділікті арттыру, физикалық және рухани денсаулықты нығайту мақсатында «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» кафедрасының ассистенттері мен интерн дәрігерлерінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 16-наурызда «Күміс Университет» бағдарламасы шеңберінде «Егде жастағы азаматтар арасында Салауатты өмір салтын  насихаттау, дұрыс тамақтану қағидаларын қалыптастыру негіздеріне» арналған лекция оқылды. Аталған шараға «Сол жағалаулық емханасында»…

Мәңгілікке халық жадынан кетпейтін ерлік

24 наурыз күні 10 оқу сержант взводының курсанттары Ильгам Абдулкаримов пен Ержан Ерланұлы әскери-патриоттық тәрбиені дамыту сабағы аясында «СМУ» КеАҚ әскери кафедрасының оқушыларына Ұлы Отан соғысының батыр тұлғалардың бірі – Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов жайлы сыр шертті. Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов-Қызыл Әскердің аға сержанты, Ленинградтың маңындағы шайқаста ерлік пен батылдық танытқан отандасымыз. 1943 жылдың 25 шілдесіндегі ауыр…

Ұлыстың ұлы күні

Наурыз мейрамы – табиғаттың жаңару мерекесі ретінде қабылданатын ежелден келе жатқан тарихи мейрам. Тарих бетіне үңілер болсақ – Наурыз мерекесін тойлауының бастауы өте ертеректен басталғаны дәлелденген. Аспан әлемінде  жұлдыздар жүйесі де бір жылдық айналым жасап, бастау нүктесіне келетін уақыты болғандықтан  бұл күнді – «Ұлыстың ұлы күні» деп қабылдап, қасиетті мейрам ретінде қабылдаған. 17 наурыз 2022…

Университетіміздің өнерлі жастары тағы да биік жетістіктерден көрінді!

Наурыз айының 14-19 күндері Нұр-Сұлтан қаласында жайдарман ойындарынан «МАУСЫМАШАР-2022» республикалық фестивалі өтті. 5 күнге созылған қызықты да, тартысты фестивальге еліміздің барлық аймағынан жайдарманшылар келіп, 165 команда бақ сынасты. Фестиваль қорытындысында командалар көрсеткен нәтежиесі бойынша Жоғары, Премьер, Бірінші және ашық лигаларға жолдама алды. Университетіміздің студенттерінен құралған «МедУнивер» жайдарман клубы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Республикалық Жоғары Лига…

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.    Қазақ елі Наурызды ежелгі замандардан бері атап өтеді. Бұл мейрам – қуаныш пен мейірімнің, бақ пен ырыстың, молшылық пен кеңдіктің белгісі.        Бұл күнге халық  барынша дайындалады. Шаңырақта үлкен дастархан жайылып, келер жылда молшылық, байлық болсын деп ниет етеді. Ақ түйенің қарны жарылған – Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы бойына…

Неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасында «Қош келдің, Әз Наурыз !» атты мерекелік кеші өтті

Неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасында наурыздың 18-де Наурыз мерекесіне орай Жалпы медицина факультетінің 3331 жергілікті ағылшын тобының және де кафедра ассистенттерінің қатысуымен «Қош келдің, Әз Наурыз !» атты мерекелік кеші өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: қазақ халқының дәстүрін ғұрыптау, Наурыз мерекесінің маңыздылығын арттыру мен студенттердің рухани байлығын молайту және де көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін нығайту. Сонымен…