Топ студенттерімен өткен психологиялық тренинг

«Жалпы медицина» мамандығының 1213 тобы, топ кураторы Джакипова Танакөз Уалканқызының жетекшілігімен, университетіміздің психологы Асылбекова Айгерим Мухаметбековнаның қабылдауында болды. Айгерім Мұхаметбекқызының психологиялық тренингі барысында топ студенттері өз аты-жөндері бойынша жақсы теңеулермен есімдерін таныстырып өтті. Кездесудің негізгі мақсаты топ студенттерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, өзара бейімделуі тұрғысында бақылау жасау болды. Топ студенттері бір-бірін жақын тану мақсатында бірнеше жаттығулар жасады.…

Мұражайға саяхат

12-ші қазан 2021 жылы Семей медицина университетінің 1106 топ “Жалпы медицина” 1 курс студенттері топпен Семей қаласының “Тарихи-өлкетану” мұражайында болып қайтты. Мұражай-біздің ежелгі ата-бабаларымыздың өмірін бейнелейтін орын деген ниетпен студенттер мұражайға барып қайтты . Студенттер қаламыздың тарихын, көрнекті ақын-жазушылардың өмір-баянын тамашалап, өздеріне мол мұра етіп алды. Аталмыш музейдің әрбір жәдігерін қызығушылықпен қызықтап, мәліметтерді мұқият тыңдады.…

Студенттер М. Мәметова атындағы мұражайға барды

«Жалпы медицина» мамандығының 1104 тобының студенттері куратор Ж.С. Кусаиновамен М. Мәметова атындағы мұражайға барды. Экскурсия кезінде кітапханашы Р.С. Уссербаева мұражайдың ашылу тарихы туралы айтып берді. Студенттер  Кеңес Одағының Батыры атағын алған пулеметші қыздың қысқа өмірі туралы көп мәлімет алды. Мұражай экспозициясы мен қызметкердің әңгімесі студенттерге үлкен әсер қалдырды.   ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Ж.С. Кусаинова

Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу

Қазанның 15-і күні 1102 тобында Қазақстандағы діни экстремизм және терроризм тақырыбында кураторлық сағат өтті. Терроризмнің мақсаты — мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Талқылау барысында студенттер, куратор Қ.М. Белеуханова өз ойларымен бөлісіп, оның зиянды салдарына аса зер салуын айтты. Жас болашақтың бойында дұрыс түсініктер қалыптастыру саналы келешек кепілі деп…

Қазақ фольклоршысы және этнографы, саяси және қоғам қайраткері, оқытушы мерейтойына орай

Қазақтың педагог-ағартушысы, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай, 19 қазан күні КеАҚ «СМУ» терапиялық стоматология кафедрасында стоматология факультетінің 405, 406 топ студенттерінің, кафедраның ПОҚ қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Өткізілген іс-шара барысында студенттер қазақ фольклоршысы және этнографы, саяси және қоғам қайраткері болған оқытушының өмірбаянымен және қызметімен танысты. Бұл іс-шараның мақсаты -оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына…

Студенттер М. Маметова атындағы мұражайына экскурсияға барды

Осы аптада студенттердің Отанға деген азаматтық-патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатымен «Стоматология» мамандығы бойынша 1304, 1310 топтары А.Б. Букатаева кураторымен бірге университеттегі М. Маметова атындағы мұражайына экскурсияға барды. Экспозицияда студенттер жеке заттар, батырлар, жәдігерлер және шайқасқа тікелей қатысқан жерлестерінің батырлық куәліктерімен таныса алды. Семейліктердің Ұлы Жеңіс ісіне қосқан үлкен үлесі туралы және ұрыс болған жерден алынған жер…

Этикалық кодекс қағидалары таныстырылды

Қазанның 12-сі күні 1102 тобы кураторы Қ.М. Белеуханова  университетте білім алушылардың этикалық кодексімен топты таныстырды. Соның ішінде оқу кезіндегі мінез-құлық тәртібі, білім алушылар арасындағы қарым-қатынас және тағы да басқа тәртіптерді жете түсіндірді. Біздің ойымызша, этикалық кодексте көрсетілген талаптардың барлығы жүйелі түрде сарапталған. Кодекске сай болу – университет мәртебесіне, ең алдымен студенттердің өзіне және қоршаған ортаға…

20 қазан – Дүниежүзілік остеопорозбен күрес күні

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасымен 1997 жылдан бастап 20 қазанда остеопорозбен күрес күні  атап өтіледі. Бұл шараның негізгі мақсаты – халық арасында остеопороз ауруның алдын алу шараларын күшейту және халықтың осы ауру жайындағы сауаттылығын жоғарылату. БДҰ бойынша остеопороз барлық жұқпалы емес аурулар ішінде 4-ші орында. Қазақстан Республикасында (ҚР) ОП таралуы 22% құрайды және түрлі…

HARMONEE жобасы бойынша жұмыс жиналысы

2021 жылдың 15 қазанында ERASMUS + аясындағы HARMONEE жобасының кезекті жұмыс жиналысы өтті. Оған жобаның жұмыс тобының барлық мүшелері, сондай-ақ практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері: “Семей темір жол ауруханасы” ЖШС дәрігер-статисті Ш.Б. Асанова, “ҚР ДСМ СЭК комитеті ШҚО СЭК департаментінің Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы” РММ маман-эпидемиологы Д.Б. Тлекина, сондай-ақ “Radiation Protection Company” ЖШС гигиена…

Студенттер арасында шахматтан турнир өтті

2021 жылдың 16-17 қазан күндері ҚР Тәуелсіздігіне 30 жылдығы қарсаңында Семей медицина университетінің студенттері арасында шахматтан турнир өтті. 2 күнге созылған жарысқа 1-5 курс студенттерінен іріктелген 16 шахматшы қатысты. Қатысушылар әр ойыншымен жекелей кездесіп, ең көп ұпай жинаған 3 студент жеңімпаз атанды. 1 орын – Сексенбаева Аружан Сабитқызы, 2104 топ, медицина мектебі 2 орын -…