СМУ студенттері «Алтын денсаулық – табысты болашағымыздың негізі» атты IV медициналық ғаламдық форумына қатысты

21-22 қараша, қабырғасында Асфендиярова атындғы ҚазҰМУ Қазақстандық медициналық жастар организациясының  (ҚМЖО) бес жылдығына орай «Алтын денсаулық-табысты болашаққызы негізі» атты IV медициналық ғаламдық форум өткізілді. Форумның мақсаты – студенттердің интеллектуалды және ғылыми дамуы, жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми-зерттеу қызметіндегі үздік жетістіктерін көрсету, студенттер мен медицина саласындағы мамандардың тәжірибе алмасу алаңын құру. Форумға Қазақстанның 8 жоғары оқу…

Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы жанындағы студенттік ғылыми үйірмесі отырысы өтті

Цитомегаловирусты инфекция – адамның кең тараған вирустық инфекцияларының бірі. Еуропаның әртүрлі елдерінде жүргізілген серологиялық зерттеулердің деректері бойынша ЦМВИ маркерлері 5 жасқа дейінгі балалардың 40-60%-ында анықталған. Орта есеппен ересек адамдардың 90-95 %-да ЦМВ қарсы антиденелер анықталады. Қазақстанда бұл инфекция басқа аймақтардағы сияқты жиі кездеседі, бұл герпесвирустық инфекцияларды, соның ішінде ЦМВИ маңызды медициналық-әлеуметтік мәселе деп есептеуге мүмкіндік…

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ҚР Тұңғыш Президент күні атап өтілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнін атап өту Елбасы — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған. 2019 жылғы…

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні

2019 жылғы 27-30 қараша күндері Семей медицина университеті VOLUNTEER CORPS еріктілері № 49, 19, 42, 13, 4 және Р. Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі, Семей колледжі мекемелерінде «1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күн» тақырыбында лекциялар оқытылды. Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) шешіміне және 1988 жылы қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне…

Қазақ тіліне аударылған 100 жаңа оқулық таныстырылды

2019 жылдың 22 қараша күні «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар Қанатының «Семей медицина университеті» КеАҚ бастауыш бөлімшесі, «Авиценна» жоғары медицина колледжі жəне Семей медицина колледжі бастауыш бөлімшелері «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында аударылған кітаптарды талдап, университет психологы Ақерке Əскербекқызымен психологиялық тренинг өткізді. Шара барысында танымал америкалық маман Дэвид…

Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күн

25 қараша күні СМУ ҚМЖО Адам құқықтары жөніндегі тұрақты комитет (SCORP) Репродуктивті және жыныстық денсаулық және құқықтар, оның ішінде АҚТҚ және ЖҚТБ (SCORA) жөніндегі тұрақты комитеттің қатысуымен «Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күн» тақырыбында іс-шара өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – әйелдерге қатысты физикалық, психологиялық және жыныстық зорлық-зомбылық проблемаларына назар аудару. Студенттерге осы тақырып туралы көбірек…

Семей медицина университетінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты іс-шара өтті

1 желтоқсан – ел тарихы үшін елеулі күн. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде мемлекетіміз өзінің тұңғыш президентін сайлады. Осы күннен еліміздің тәуелсіздік тарихы басталды. 2019 жылғы 29 қараша күні Семей медицина университетінің акт залында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты іс-шара өтті. «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор Е.Т. Жүнісов «Еңбегі…

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні

Құрметті университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері және білім алушылары! ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 2019 жылғы 28 қараша күні сағат 16.00-де бас ғимараттың акт залында «Кемеңгер тұлға» атты салтанатты іс-шара өтеді. Барлықтарыңызды мерекелі іс-шараның қонағы болуға шақырамыз!

Семей медицина университетінің Volunteer Corps еріктілері Нашар көретін балаларға арналған №3 мектеп-интернатында «Екі жұлдыз» байқауын өткізді

2019 жылдың 20 қараша күні Нашар көретін балаларға арналған №3 мектеп-интернатында «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Іс-шараның басты мақсаты сахнаға шығып көрмеген оқушылардың қабілеттерін арттыру, шығармашыл бастаманы қолдау болды. Жұп болып ән шырқаған мектеп оқушылары мен жас маман ұстаздар қауымының өнеріне көрермен тәнті болды. Додаға 10 жұп қатысып, өнерде өз бақтарын сынады. 10 жұп әр тілде…

4 курс студенттеріне арналған КМАЖ «DAMUMED» семинары

2019-2020 оқу жылында «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттеріне оқу процесіне «Медициналық ақпараттық жүйелер» элективті практикалық курсы енгізілді. Курстың мақсаты студенттердің медициналық мекеменің АЖ-де жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамыту және оларды болашақ кәсіби қызметінде пайдалану. Осы курстың аясында, 2019 жылдың 21 қарашасында медицинадағы IT технологиялар кафедрасы «DAMUMED» КМАЖ-да жұмыс жасау» атты семинарды ұйымдастырды. Оған «DAMU»…