Медицина қызметкері күніне арналған университет спартакиадасына қатысу

Медицина қызметкері күні қарсаңында университеттің профессор-оқытушылар құрамы салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық рухты нығайту және қызметкерлер арасында спорттық мәдениетті дамыту мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі спартакиадаға белсенді қатысты. Спартакиадаға барлығы 5 команда қатысты. Біздің «Спартамед» командасының құрамына бірнеше кафедраның өкілдері енді: әскери кафедрадан – Смағұлов А.Т., Айтқазин Р.А.; ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық…

Медицина қызметкері күніне арналған спартакиада

Медицина қызметкері күніне орай 8–10 маусым аралығында Медициналық университеттің қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамы арасында спартакиада өтті. Спорттық жарысқа алты команда қатысып, үстел теннисі, нысана ату және эстафеталық ойындар бойынша өзара бақ сынасты. Үш күнге созылған жарыс барысында қатысушылар жоғары спорттық дайындықтарын, ұйымшылдықтарын, жеңіске деген жігерлерін және командалық рухтарын көрсетті. Жарыстар достық, өзара сыйластық және салауатты…

Денсаулық және спорт аумағы

2026 жылғы 26 мамырда қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушылары (Ш. М. Тоқешева, М. Б. Бейсенгазина, А. К. Исаева) “Қоғамдық денсаулық” (401 топ), “Медициналық-профилактикалық іс” (301 топ), сондай-ақ “Жалпы медицина” мамандықтарының білім алушылары үшін “Денсаулық және спорт аумағы” студенттік спартакиадасын ұйымдастырды (4404, 4319, 4323 топтар). Іс-шара студенттердің дене шынықтыру деңгейін арттыруға, дене шынықтыру мен спортты насихаттауға, сондай-ақ…

Облыстық спорттық күрес турнирі

Турнирдің мақсаты тек ұлттық спорт түрін насихаттау ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың мінез-құлқын шыңдау және болашақ өмір жолын таңдауға бағыт беру болды. Бұл күн қазақ күресінің нағыз мерекесіне айналып, жастарды, жаттықтырушыларды, ата-аналарды және спорт сүйер қауымды бірлік, дәстүр және күш рухында біріктірді. Турнир созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алуға бағытталған тиімді…

Ұлттық спорттық ойындар күні

Травматология және балалар хирургиясы кафедрасы университетте 20 наурыз күні Наурызнама мерекесі аясында өткен Ұлттық спорттық ойындар күнін ұйымдастыруға белсенді қатысты. Іс-шара дене шынықтыру кафедрасы, әскери кафедра, сондай-ақ неврология, офтальмология және оториноларингология кафедраларымен бірлесіп өткізілді. Мереке барысында ұлттық ойындарды және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұқаралық спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар мен қонақтарға арнап дәстүрлі дастархандар жайылып,…