«Ядролық сынақтардың салдары – планетарлық денсаулыққа төнген сын-қатерлер» тақырыбындағы ашық дәріс
Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында 3 тамыз күні Үлкен конференц-залда «Ядролық сынақтардың салдары – планетарлық денсаулыққа төнген сын-қатерлер» тақырыбында ашық дәріс өткізілді. Дәрісті стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Алма Нұртазина оқыды. Іс-шараға университеттің әкімшілік-басқару персоналының өкілдері қатысты. Дәріс барысында ядролық сынақтардың ұзақ мерзімді салдары…





