Интернатура – клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны.
Интернатура мамандықтары
ЖАЛПЫ ПРАКТИКА ДӘРІГЕРІ
«Жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған бітірушіге «Жалпы практика дәрігері» біліктілігі берілген сертификат және интернатураны бітіргені туралы куәлік беріледі, жалпы практика дәрігері ретінде өзіндік практикалық қызметке жіберіледі. Бітірушілердің резидентурада, магистратурада одан әрі оқуын жалғастыруға құқығы бар.
- Оқу тілі: қазақ, орыс.
- Бакалавриатта оқу мамандығы: Жалпы медицина.
- Оқу түрі: күндізгі
- Осы бағдарлама кімге арналған: бакалавриат бітірушілері үшін.
- Оқу мерзімі: 2 жыл.
- Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 15 тамызына дейін.
СТОМАТОЛОГИЯ
«Стоматология» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлекке «дәрігер стоматолог» біліктілігі берілген сертификат және интернатураны бітіргені туралы куәлік, стоматолог дәрігер ретінде өзіндік практикалық қызметке жіберілгендігі туралы куәлік беріледі. Бітірушілердің резидентурада, магистратурада одан әрі оқуын жалғастыруға құқығы бар.
- Оқыту тілі: қазақ, орыс
- Бакалавриатта оқу мамандығы: стоматология
- Оқу түрі: күндізгі
- Осы бағдарлама кімге арналған: бакалавриат түлектеріне
- Оқу мерзімі: 1 жыл
- Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 15 тамызына дейін.