Магистратураға түсушілерге кешенді тестілеуге қатысуға өтініш беру үшін:
- app.testcenter.kz сайтына кіреді және интерфейс тілін таңдайды;
- Өтініш беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркеледі (электрондық поштаға келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау қажет);
- Түсушінің электронды поштасына жіберілген логин мен пароль арқылы авторизациядан өтеді (электронды поштаға келген логин мен парольді тестілеуге кіргенге дейін сақтау қажет);
- ЖСН көрсетіп іздеу батырмасын басады (Аты-жөні автоматты түрде шығады) және телефон нөмірін көрсетеді;
- «Өтініш беру» парақшасына өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім» деңгейін таңдайды;
- Қажетті тестілеу түрін таңдайды;
- Тіркеу деректерін толтырады;
- Түсуші КТ өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растайды;
- Төлем жасау әдісін таңдап, тестілеуге төлем жасайды.
Барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін «Сіздің өтінішіңіз қабылданды!» деген мәлімдеме шығады.
Түсушілер өз еркімен тестілеу тапсыру қаласын таңдайды.
Егер де түсушіге берілген өтінішке өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда (тестілеу тапсыру қаласы, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеу тапсыру тілі), оларға өтініш беру базасы жабылғанға дейін түзетуге мүмкіндік беріледі.
Ол үшін:
- «Менің тарихым» бетіне өту;
- Өтінішті ашып, «Өтінішті түзету» батырмасын басу;
- Өзгерістер енгізу;
- Түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.
Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
КТ-ға қатысуға өтініш беру кезінде түсуші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының таңдалған тобы, дайындық бағыты және КТ форматы бойынша ЖОО қабылдау комиссиясынан кеңес алуы қажет.
Түсуші тестілеуге қатысудан бас тартқан жағдайда деректер базасы жабылғанға дейін жеке кабинетінен өзінің өтінішін өшіруі қажет. Бұл жағдайда тестілеу үшін төлем келесі құжаттарды:
- Тестілеу үшін төлемді қайтару туралы түсушіден өтінішті;
- Тестілеуге қатысуға арналған төлем туралы түбіртекті;
- Жеке куәліктің көшірмесін;
- Төлем картасының көшірмесін;
- Банктің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшотын ұсынған кезде қайтарылады. Сонымен қатар төлем банктің комиссия шығындарын ұстай отырып, қайтарылатындығын хабарлаймыз. Бұл ретте тестілеу үшін төлем деректер базасы жабылғаннан кейін қайтарылмайды.