“СМУ” КЕАҚ-ның 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 1.3 “Халықаралық білім беру кеңістігіне одан әрі кіріктіру” міндетін орындау үшін, біздің университет пен Sky Toppers Consultants (STC) ЖШС, HBR Global Medical Education Company және Jarina & Rahim Memorial Trust арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Меморандумның мақсаты білім беру қызметтерін көрсету саласында өзара тиімді ынтымақтастық орнату, сондай-ақ бірлескен жобалар мен бағдарламаларға, білім беру және мәдени қызметке қатысу болып табылады.