Семей медицина университеті 1953 жылы құрылған. 1995 жылы Қазақстанның медициналық ЖОО арасында алғаш рет шетелдік студенттерге арналған қосымша бөлім құрылды. Алғаш рет Үндістан, Пәкістан, Палестина, Сирия және Иорданнан келген 43 шетелдік студент түрлі мамандықтар бойынша білім алу үшін университетке қабылданды. 1998 жылдан бастап оқыту тек ағылшын тілінде жүргізіледі.
Осылайша, Семей медицина университеті дәстүрлі орыс және қазақ тілдерінен басқа шетел бөлімінде білім алуға мүмкіндік берген Орталық Азиядағы алғашқы мемлекеттік медициналық мекемесі болды. Бұл біздің университетке түсуді қалайтын шетелдік студенттердің үлкен санының басты себептерінің бірі.
Университетте тиісті бөлімдермен ағылшын тіліндегі пәндердің оқу-әдістемелік кешені әзірленді, жыл сайын толықтырылып отыратын ағылшын тіліндегі көптеген оқу әдебиеті сатып алынды. Шетелдік студенттер үшін көптеген қолайлы жағдай жасалған: медициналық көмек, демалыс және ойын-сауық, ел бойынша саяхат.
65 жыл ішінде университет ондаған мың жоғары білікті дәрігер-мамандарды дайындады. Олар өз қызметтерін тек Қазақстан мен таяу шетелдерде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем бойынша, әсіресе АҚШ, Германия, Австралия, Үндістан, Пәкістан, Израильде ұсынады.
Бүгінгі таңда Семей медицина университеті Қазақстандағы ең ірі медициналық білім беру мекемесі болып табылады. Мұнда жеке университеттік госпиталі, симуляциялық кластары бар оқу-клиникалық орталығы (ОКО), студенттердің практикалық дағдыларын дамыту және оқыту үшін, мұражайлар, үлкен кітапхана бар. Сондай-ақ Өскемен және Павлодар қалаларында филиалдары бар. Соңғы жылдары университет студенттік ғылым мен академиялық ұтқырлықты белсенді дамытады.
Семей медицина университеті Қазақстанда ақпараттық және коммуникациялық білім беру технологиялары саласында көш бастап тұр: дәріс залдары қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған, интернет көптеген клиникалық бөлімдерде еркін беріледі, ТВ- және бейне жабдықтар барлық аудиторияларда қолжетімді, кітапханада ірі медициналық деректер базасына қолжетімділік бар. Инновациялық білім беру технологиялары негізінде сабақ өткізуге арналған мамандандырылған оқу сыныптары барлығына қолжетімді. Сонымен қатар «интерактивті студент» және «факультеттің виртуалды кеңсесі» технологиялары ұсынылған.[/vc_column_text]