Ақпарат

Академиялық комитет (АК) Семей медицина университетінің оқу-әдістемелік қызметін басқарудың жоғары органы болып табылады. АК қызметіне басшылықты бір мезгілде осы кеңестің төрағасы болып табылатын академиялық жұмыс жөніндегі проректор жүзеге асырады.

АК құрамына кафедра меңгерушілері, білім беру бағдарламалары комитеттерінің төрағалары, мектеп декандары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары кіреді.

Білім беру бағдарламалары комитеті (бұдан әрі – БББК) тиісті мамандық не даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламалары шеңберінде түлектерді даярлауда құзыреттілік тәсілді қамтамасыз ету арқылы оқу-әдістемелік жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын Семей медицина университетінің алқалы органы болып табылады. АК БББК жұмысын бақылауды жүзеге асырады.

БББК құрамына тиісті мамандық /даярлау бағыты/ бойынша білім беру процесін қамтамасыз ететін кафедра меңгерушілері, профессорлар, доценттер, кафедралардың жетекші оқытушылары, мамандық /даярлау бағыты/ бойынша эдвайзерлер, практикалық денсаулық сақтаудың жетекші мамандары, жұмыс берушілер, білім алушылар контингентінің өкілдері кіреді.

Тіркелген құжаттар

АтауыСілтемелер
«Академиялық комитеттің құрамы туралы» 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 330 бұйрық
«Академиялық комитеттің құрамы туралы» 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 330 бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 11 қазандағы № 371 бұйрық
«Бакалавриат және интернатура білім беру бағдарламаларының координаторларын тағайындау туралы» 06.09.2021 ж. № 393 бұйрық
11.10.2018 ж. № 571 бұйрық “Семей қ. ММУ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша жауапты ПОҚ тағайындау туралы”
13.01.2022 ж. №13 бұйрық “Семей медицина университеті” КеАҚ 2021-2022 оқу жылына оқу деңгейлері бойынша жауапты тұлғаларды тағайындау туралы”
2019 жылғы 24 қазандағы № 627 “Академиялық комитет құрамы туралы” бұйрығы
2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 442 “Академиялық комитеттің құрамы туралы” бұйрық
2021 жылғы 07 қазандағы № 458 “Академиялық комитет құрамы туралы” бұйрық
23.09.2020 ж. № 454 бұйрық “Семей медицина университеті” КеАҚ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша жауапты тұлғаларды тағайындау туралы”
Білім беру бағдарламалары комитетінің (БББК) төрағалары