Оқу бөлімі “Семей медицина университеті” КеАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оқу процесін ұйымдастыруға және жоспарлауға байланысты лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес жұмыс жүргізеді.

 

Оқу бөлімінің негізгі міндеттері:

  • оқу процесін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
  • оқу процесін жоспарлау;
  • кафедра оқытушыларының оқу жүктемесін есепке алу, бөлу және орындалуын бақылау;
  • студенттер контингентінің ағымдағы және жиынтық статикалық деректерін жинау өңдеу және құрастыру;
  • университеттің оқу жұмысы мәселелері бойынша есепті және ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау;
  • студенттердің, интерндердің, резиденттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың оқу сабақтарының кестесін жасау және келісу;
  • жеке істерді және қабылдау комиссиясын қабылдаудан бастап түлектердің жеке істерін университет мұрағатына тапсыруға дейін іс қағаздарын жүргізу.

 

Функционалдық міндеттері:

  • білім алушылар контингенті бойынша статистикалық деректерді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне және білім және ғылым министрлігіне уақтылы жасау және ұсыну;
  • білім алушылар контингентінің ай сайынғы қозғалысы, білім алушыларды қалпына келтіру және ауыстыру процесі, АБЖ-ға деректерді енгізу;
  • стипендия тағайындау, білім алушыларды курстан курсқа ауыстыру, ақылы семестр өткізу туралы бұйрық, білім алушылардың жеке құрамы бойынша бұйрықтар дайындау, оқуға қабылданғандарға және ауыстырылғандарға стипендия тағайындау;
  • қаржы орталығы ААЖ-ға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларды есепке алу және мониторингілеу;
  • қабылдау комиссиясынан 1-ші оқу жылы студенттерінің жеке істерін қабылдау;
    оқу сабақтары мен практика кестесінің жобасын уақтылы жасау, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау және оларды бекіту;
  • кафедралардың оқу жүктемесі сағаттарының есебін, кафедралардың ПОҚ штат кестесін жасау;
  • ҚР БҒМ берілген дипломдардың ТАӘ және нөмірлерін көрсете отырып, білім беру бағдарламаларын бітірген түлектердің тізімін уақтылы ұсыну;
  • ҚР БҒМ қатаң есептілік бланкілеріне өтінімді уақтылы дайындау;
  • білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелері бойынша ҚР БҒМ-ге бос білім беру гранттарына кандидатуралардың ілеспе құжаттарын ұсыну;
  • білім беру бағдарламалары мен дайындық бағыттары бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу жұмыс жоспарларын жасау, АБЖ-ға енгізу;
  • академиялық күнтізбені құру;
  • кафедралардың ПОҚ оқу жүктемесінің орындалуы туралы есепті уақтылы дайындау;
  • қатаң есептілік бланкілерін уақтылы беру;
  • кафедралардың оқу жүктемесінің орындалуына, студенттердің жеке істерін қабылдау мен жай-күйіне, аудиториялық Қордың жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу.

Байланыс ақпараты

Мекенжай

071400, Абай облысы, Семей қ., Абай к-сі, 103, 129 кабинет

Телефон

8(7222)56-42-09 (ішкі 1016)

Эл. пошта

training@smu.edu.kz

Жұмыс кестесі

Дс. – Жм. 09:00–18:00