1988 жылдың қазан айында академияда есептеуіш технологиялар және ТОҚ (техникалық оқыту құралдары) зертханасы ашылды. Ол кішігірім бөлмеде орналасқан, аз санды компьютермен жабдықталған, штат 6 қызметкерден тұрды.
1997 жылы ТОҚ бөлімі үш бөлімнен (тестілеу бөлімдері, ТОҚ және редакциялық-баспа) тұратын ақпараттық-есептеу және редакциялық-баспа орталығы (АЕО) болып қайта құрылды. АЕО компьютерлік паркі Pentium класты компьютерлерден тұрды, компьютерлік сыныптар жабдықталды, кішігірім баспахана жұмыс істей бастады. Штат саны 10 адамға жетіп, көбейді.
2007 жылы АЕО қайтадан Ақпараттық технологиялар орталығы (АТО) болып өзгертілді.
2017 жылдың қыркүйегінде Ақпараттық технологиялар орталығы екі бөлімге бөлінді: Ақпараттық технологиялар бөлімі (АТБ) және Техникалық және қызмет көрсету бөлімі (ТжҚКБ).
2018 жылдың ақпанында екі бөлім бір бөлімге – Цифрлық технологиялар бөлімі болып біріктірілді. Цифрлық технологиялар бөлімінің күнделікті қызметі – компьютерлік техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету, сессия және аралық бақылау кезінде компьютерлік сыныптарға техникалық қызмет көрсету. Университеттің серверлері мен корпоративтік желілерін қолдау, университеттің веб-сайтына техникалық қызмет көрсету, университеттің құрылымдық бөлімшелері үшін бағдарламалық жасақтама жасау.