Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның қызметі қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша оқу-білім беру қызметін ұйымдастыруға, білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруға, болашақ талапкерлердің дәрігер мамандығына назарын аударуға, мектеп оқушылары арасында дарынды және талантты балаларды іріктеуге, талапкерлерді қабылдау және білім алушылар контингентін қалыптастыру бойынша жәрдемдесуге бағытталған.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында:
- кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлауды және оны іске асыруды жүзеге асырады;
- білім беру жүйесі мекемелерімен және жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатыната болады;
- талапкердің кәсіби таңдау жасауына кеңес береді.
Болашақ талапкерлердің дайындық сапасын арттыру мақсатында:
- бейіндік пәндер (биология, химия) бойынша дайындық курстары арқылы талапкерлерді даярлауды жүзеге асырады;
- оқушылардың дәрігер мамандығына деген мотивация мен қызығушылығын қалыптастырады;
- университетте бейімделуден өтуге және академиялық оқыту дағдыларын дамытуға, сондай-ақ білім алушылардың тілдік құзыретін жақсартуға көмектеседі.
Тіл дайындығын жетілдіру мақсатында:
- ағылшын / түрік тілдерінің жалпы курсы;
- шетел студенттеріне арналған тілдік дайындық;
- ЖОО, ПОҚ және ӘБП түлектер үшін IELTS ағылшын тілінен халықаралық емтиханын тапсыруды дайындау курстары.



