2019 жылдың маусым айында «СМУ» КеАҚ құрылымын қайта құруға байланысты Ғылыми-эксперименттік зерттеулер департаменті құрылды, оның құрылымында ғылыми-зерттеу бөлімі – жұмыс істеп тұрған бөлімді қайта құрылымдау арқылы анықталды.
Бөлімді құрудың мақсаты әзірленген білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен оқу үдерісінің интеграциясын қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды жоспарлы түрде дайындауды қамтамасыз ету болып табылады.
2022 жылдың сәуір айынан бастап «СМУ» КеАҚ құрылымының қайта құрылуына байланысты Ғылым департаменті таратылып, ғылыми-зерттеу бөлімі дербес құрылымдық бөлімше болып белгіленді.
Ғылыми бөлімнің негізгі мақсаты – ғылыми әлеуетті арттыруға және білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызметтің интеграциясын қамтамасыз етуге бағытталған «СМУ» КеАҚ стратегиясын жүзеге асыру.
Бөлімнің функциялары:
- барлық деңгейдегі қызметкерлер мен студенттердің ғылыми жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау: қызметкерлерге ғылыми бағыттар бойынша зерттеулер жүргізу кезінде кеңес беру;
- магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларының оқу процесін ұйымдастыру;
- ғылыми қызметтің нәтижелілігі бойынша «СМУ» КеАҚ ғылыми комиссиялары мен комитеттерінің жұмысын бақылау және үйлестіру;
- халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларды, симпозиумдарды жоспарлау, дайындау және өткізу;
- қысқа және орта мерзімді кезеңге арналған басым ғылыми бағыттардың жоспарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау;
- ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бойынша конкурстарға қатысуды ұйымдастыру;
- тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми зерттеулер мен ғылыми іс-шараларды өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарының ғылыми бөлімдерімен ынтымақтастықта көмек көрсету.






