Ғылыми-зерттеу зертханасының орталығы (бұдан әрі – ҒЗЗО) «Семей медицина университетінің» КеАҚ (бұдан әрі – «СМУ» КеАҚ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол 1976 жылы Семей медициналық институтының кафедрааралық сараптамасы ретінде құрылған болатын. Е. Н. Шатский алғашқы басшысы болып істеді.

1990 ж. Қазақ ССР денсаулық министрлігі бұйрығымен орталық ғылыми-зерттеу зертханасы болып қайта аталды (ОҒЗЗ), қоршаған ортаның зиянды факторларының әсерінен адам ағзасын қорғау бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарын әдістеу мақсатында зерттеулер өткізілді.

Әртүрлі жылдарда ҒЗЗО басқарғандар: м.ғ.д. Ш. Б. Садыков (1990-1994 жж.), м.ғ.д., профессор В. И. Кравцов (18.02.199401.11.1994). 1994 ж. ҒЗЗО жұмысын м.ғ.к., доцент Г. А. Недостоева басқарды.

1996 жылы ҚР ҒЗЗО Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығы жойылды, оның базасында кафедрааралық сараптама зертханасы құрылды, ол 2007 жылы наурызда ғылыми-сараптамалық зертхана болып қайта аталған. Зертхананы 1994 жылдан 2008 жылға дейін м.ғ.к., доцент Г. А. Недостоева басқарды.

2008 жылы ғылыми зерттеу зертханасы біріктірілген оқу-ғылыми зертхана болып ауысты. 2008 жылдан 2009 жылға дейін Годзелих Е. В. зертхана басшысы болды. 2011 жылдан 2019 жылға дейін оқу ғылыми зертхананы м.ғ.к Аукенов Н. Е. басқарды.

2019 жылы біріктірілген оқу-ғылыми зертхана Ғылыми-зерттеу зертханасының орталығы болып ауысты.

2019 жылдың 26 наурызынан бастап Ғылыми-зерттеу зертханасының орталығының бас ғылыми қызметкері PhD Масабаева Меруерт Равильқызы болды.

ҒЗЗО өз қызметін Ғылым және стратегиялық даму жөніндегі Басқарма төрағасы орынбасарының басшылығымен жүзеге асырады.

ҒЗЗО ҚР МЖБС талаптарына сәйкес практикалық дағдыларға студенттерді оқыту бойынша жұмысты үйлестіреді және медициналық университет үшін ғылыми кадрларды жоспарлар даярлауға қатысады.

Зертхана алты бөлімнен тұрады:

  1. Биохимиялық бөлім. С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында және ҒЗЗО базасында орналасқан. Заталмасу (ферменттің белсенділігін анықтау, жануарларда және адамдарда метаболиттің саның, биохимиялық қанды талдауды анықтау).
  2. Морфологиялық бөлім. Пругло атындағы патологиялық анатомия және соттық медицина кафедрасы базасында орналасқан Гистологиялық жағындыны дайындайды, сонымен бірге қолданыстағы әдістерді жетілдіру және жаңа әзірлеген әдістерді апробациялау.
  3. Гигиеналық бөлім. Тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасында орналасқан. Өндірістік микроклиматтың параметрін, жарықты, өндірістік мекемедегі шуды денсаулыққа кері әсер етуін өткізеді.
  4. Физиологиялық бөлім. «СМУ» КеАҚ университеттік госпиталының базасында физиологиялық пәндер кафедрасында, №2 қалалық аурухана, ішкі аурулар пропедевтикасы, ішкі аурулар, неврология, психиатрия және жұқпалы аурулар кафедралары орналасқан. Жүрек-қантамыр жүйесін (ЭКГ), әртүрлі фазадағы жүйедегі қанайналу дәрежесі, тыныс алу мөлшерін анықтау әр түрлі физиологиялық жағдайларды.
  5. Микробиологиялық бөлім. «СМУ» КеАҚ университеттік госпиталдың ПЦР зертханасы базасында орналасқан. Микробиология бөлімінде ИФА және ПЦР ғылыми және тәжірибелік жұмыс атқарылады.
  6. Иммунологиялық бөлім. ҒЗЗО базасында орналасқан. Иммунологиялық молекулярлы-генетикалық механизмдердің полиморфизміндегі дамуын және иммунопатологиялық жағдайын емдеу.

Барлық бөлімдер клиникалық-диагностикалық зерттеулерді орындауға зертханалық және диагностикалық жабдықпен жабдықталған.

 

Ғылыми-зерттеу зертханасының орталығының негізгі міндеттері:

  • Кафедралармен бірге зертхана мен функционалды диагностика үшін заманауи жабдықтарды практикалық дағдылармен таныстыру, әзірлеу және тапсыру бойынша оқу процессін жоспарлауды, ұйымдастыру.
  • Университеттің тақырыптық жоспарымен қарастырылған ғылыми жұмыстарды, ҒЗЗО ғылыми зерттеулерді өткізуге өтінімдерге сәйкес жоспарларды, ұйымдастыру. Университеттің тематикалық жоспарларымен өтінімдеріне сәйкес ғылыми жұмыстарды ҒЗЗО-да өткізуде ұйымдастыру.
  • Оқу, ғылыми және әдістемелік жұмысты жетілдіруге бағытталған ғылыми –әдістемелік әдістемелерді, инновациялық технологияларды ұйымдастыру және енгізу.
  • Заманауи талаптарға сәйкес оқу процессін модернизациялауға, университеттің білім беру қызметін дамыту стратегиясын жүзеге асыруға қатысу.

 

«СМУ» КеАҚ Ғылыми-зерттеу зертханасының орталығы үшін арналған:

  • Заманауи диагностикалық және емдеу жабдығы мүмкіндіктерімен студенттерді таныстыру.
  • МЖБС және үлгілік бағдарламалық пәндер талаптарына сәйкес кафедралармен бірге студенттер, интерндер студенттер практикалық дағдылар және білімдерін тексеру, көрсету, оқыту.
  • Медициналық университет магистранттар, докторанттар, резиденттер, мемлекеттік ғылыми тапсырыстарды, ғылыми гранттарды, ғылыми кадрларды орындауды қамтамасыз етеді.
  • Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысымен қамтамасыз ету.

Қызметкерлер (3)

Масабаева Меруерт Равильевна
PhD, Ғылыми-зерттеу зертханасының орталығының бас ғылыми қызметкері
Туған күні: 13.01.1987

Эл. пошта

meruyert.massabayeva@smu.edu.kz

nazgul_askerbekovna_zhorgataeva
Ғылыми қызметкер, биология мамандығы бойынша магистр

Эл. пошта

nazgul.zhorgatayeva@smu.edu.kz

asemgul_orazkanovna_izgutenova
Ғылыми қызметкер, биология мамандығы бойынша магистр

Эл. пошта

assemgul.izgutenova@smu.edu.kz

Байланыс ақпараты

Мекенжай

071400, Абай облысы, Семей қ., Уранхаев к-сі, 6а, 207, 211 кабинеттер

Телефон

8(7222)52-69-37 (ішкі 1099)

Эл. пошта

cnil@smu.edu.kz

Жұмыс кестесі

Дс. – Жм. 08:00–15:42