Бөлім тарихы

1971 жылы түлектердің 6-шы курс (интернатура) аяқталғаннан кейін алғашқы мамандануы ұйымдастырылды. 1999 жылдан бастап 2002 жылға дейін интернатура және кәсіби тәжірибе бөлімінің функциялары біріктіріліп орындалды. Мемлекеттік медицина университетінің 2009 жылғы 8 қыркүйектегі № 164 бұйрығына сәйкес интернатура декананаты ұйымдастырылды. Университет ректорының 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 154 бұйрығымен дипломнан кейінгі және қосымша білім беру деканаты ұйымдастырылды, интернатура, резидентура және магистратура қосып алынды. 03.06.2019 жылдан бастап дипломнан кейінгі және қосымша білім беру деканаты дипломнан кейінгі білім беру мектебіне айналды.

 

Қызметтері

  • Жұмыс берушілермен, басқа жоғары оқу орындарымен және білім беруді басқару органдарымен сыртқы байланыстарды нығайту және дамыту;
  • Мектеп білім алушыларын даярлау мамандықтарының бағыттары бойынша білім беру қызметтері нарығын және еңбек нарығын зерделеу;
  • ББК мен Академиялық кеңесте білім беру бағдарламаларының (топтардың, КЭД) әдіснамалық мазмұнын талқылауға қатысу;
  • Мектептің кафедра меңгерушілеріне, ұжымына және білім алушыларына әкімшілік басшылықты жүзеге асыру;
  • Кәсіптік бағдар беру жұмысы және мектепке қабылдау мәселелері бойынша Medical Foundation жұмысына қатысу;
  • Түлектерді бөлуді (жұмыс берушілер еңбек шарттарының талаптарын сақтамаған жағдайда қайта бөлуді), жұмысқа орналастыруды және жұмысқа орналастыру мониторингін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу;
  • Интернатура және Резидентура мамандықтары бойынша тағылымдама ұйымдастыру;
  • Жұмыс берушілермен кездесулерге қатысу;
  • Интернатура және резидентура түлектерін қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу.

 

Міндеттері

  • интерндер мен резиденттерді қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясымен өзара іс-қимыл;
  • интернатура мен резидентурада оқу процесін ұйымдастыру және бақылау;
  • студенттерге оқыту мәселелері бойынша консультациялық көмек;
  • тәрбие және басқа да аудиториядан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу.

Қызметкерлер (6)

Байланыс ақпараты

Мекенжай

071400, Абай облысы, Семей қ., Абай к-сі, 103, 214, 216 кабинеттер

Телефон

8(7222)56-42-07 (ішкі – 1021)

Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім: 8(7222)52-28-84 (ішкі – 1052)

Дипломнан кейінгі білім беру мектебінің деканы: 8(7222)52-28-84 (ішкі – 1042)

Эл. пошта

shpo@smu.edu.kz

Повышение квалификации: doctor@smu.edu.kz

Жұмыс кестесі

Дс. – Жм. 09:00–18:00