2024 жылдың қараша айынан бастап Өскемен қаласындағы «Семей медицина университеті» КЕАҚ филиалының директоры – денсаулық сақтау магистрі, PhD докторанты, денсаулық сақтауды ұйымдастыру және онкология бойынша жоғарғы біліктілік санатты дәрігер, кәсіби патология маманы – Аймұхамбетов Ерзат Нұрсадықұлы тағайындалды. Еңбек өтілі – 20 жылдан астам. 2005 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын «Хирургия» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы – «Сәулелік терапия (радиология)» мамандығын алды. 2019 жылы – «Денсаулық сақтау магистрі» дәрежесі берілді. 2024 жылы – «PhD докторант» ғылыми дәрежесін иеленді. 2025 жылы – кәсіби патология маманы атанды. 2018–2024 жылдары Өскемен филиалында декан орынбасары қызметін атқарды.
Өскемен қаласындағы Семей медицина университетінің филиалы 2018 жылдың 19 маусымында Семей қ. ММУ-дің қосымша медициналық білім беру факультеті негізінде ашылды. Университет ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, PhD (Жапония), ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі – Рахыпбеков Төлебай Қосиябекұлының және медицина ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық адам экологиясы және қауіпсіздік академиясының (МАЭНБ, Ресей) академигі – Султанбеков Зейнулла Кабдышевич қолдауымен жүзеге асты. Филиал директоры болып медицина ғылымдарының кандидаты, денсаулық сақтауды ұйымдастыру және неврология бойынша жоғарғы санатты дәрігер – Мукажанова Айжан Кумаркановна тағайындалған. Оның еңбек өтілі – 26 жылдан астам.
Өскемен қаласындағы «Семей медицина университеті» КЕАҚ филиалы үш бағытта жұмыс істейді: оқыту, емдеу, 2025 жылдан бастап қосымша кәсіби білім беру бағыты бойынша – біліктілікті арттыру курстары дамуда.
2013 жылдан бері интернатура және резидентура бағдарламалары бойынша студенттерді даярлау жүзеге асырылуда. 2018 жылдан бастап филиалдың жеке деканаты ашылып, білім беру базасын дамыту мен клиникалық тәжірибені кеңейтудің маңызды кезеңі болды. Қазіргі уақытта білім алушылар саны – 381 адам: интернатурада – 126, резидентурада – 255. Резидентура 42 мамандық бойынша жүргізіледі. Филиал жалпы медицина мамандығы бойынша кадрлар даярлауды, сондай-ақ қайта даярлау және біліктілікті арттыруды бюджет және шарт негізінде жүзеге асырады.
Филиалдың клиникалық базалары – Өскемен қаласындағы 26 медициналық мекеме: ШҚО облыстық ауруханасы, «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК, «ШҚО мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК, ШҚО көпсалалы «Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК, ШҚО тері-венерология диспансері, «ШҚО фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ КМК, ШҚО психикалық денсаулық орталығы, «Өскемен қ. №4 қалалық аурухана» ШЖҚ КМК, «Өскемен қ. №2 қалалық емхана» ШЖҚ КМК, «Өскемен қ. №1 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы» ШЖҚ КМК, «ASTANA VISION» ЖШС, «Өскемен қ. №1 емхана» ШЖҚ КМК, «Вита-1» көпсалалы клиникасы ЖШС, ҚР ӘМ «Сот сараптамасы орталығы» РМҚК – ШҚО сот сараптамасы институты, «Өскемен қ. жедел медициналық көмек станциясы» КМК, «Ем АЛУ плюс» ЖШС, ШҚО оңалту орталығы, «№7 отбасылық дәрігерлік амбулатория» мекемесі, «Алтын Стом» ЖШС, «Восток-Контракт» ЖШС, «Сол жағалау клиникасы» мекемесі, «Гематология орталығы» ЖШС, «Асыл Төре» стоматологиясы, «Olymp Medical Group» ЖШС ШҚО филиалы, Nova medical centre клиникасы, Өскемен қ. амбулаторлық орталығы. Филиал базасы жыл сайын кеңеюде.
Өскемен қаласында жалпы тәжірибелік дәрігерлік кафедра 2020 жылдың қыркүйегінде интернатура кафедрасы негізінде ұйымдастырылды. Мақсаты – 6-7 курс интерндерін, «Отбасылық медицина» мамандығы бойынша резиденттерді оқыту және даярлау.
Міндеттері:
- жалпы практика дәрігерін (отбасылық дәрігер) кәсіби білім стандартына сәйкес даярлау, профилактикалық, диагностикалық, емдік және оңалту іс-шараларын өз бетінше жүргізу дағдыларын қалыптастыру;
- корпоративтік мәдениет пен сапа мәдениетін дамыту;
- білім беру процесінің сапасын арттыру үшін инновациялық технологияларды енгізу;
- материалдық-техникалық базаны дамыту және ресурстарды тиімді пайдалану.
2019 жылдан бастап филиал базасында 3 стационарлық бөлімше ашылды: эндокринология, терапия, кәсіби патология. Стационарда 55 терапиялық төсек бар. Оның ішінде кәсіби патология бөлімі – 30 төсек, эндокринология – 15, терапия – 10 төсек. Кәсіби патология бөлімі Қазақстан бойынша 2 жерде ғана бар – Семей және Қарағанды медицина университеттерінде.
Сонымен қатар, консультативтік-диагностикалық бөлімше белсенді дамуда. 2025 жылдың сәуірінен бастап университет ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Дюсупов Алтай Ахметқалиұлының қолдауымен амбулаторлық-поликлиникалық қызмет пен оңалту бөлімін ашу жұмыстары жүргізілуде.
Филиалда 30 орындық студенттік жатақхана бар.
МИССИЯ
Терең білімді, жоғары этикалық құндылықтарға ие, адамзатқа қызмет етуге ұмтылатын білікті дәрігерлерді, зерттеушілерді және денсаулық сақтау көшбасшыларын даярлау.
КӨРІНІС
Денсаулық сақтаудың болашағын қалыптастыратын медициналық білім беру, ғылым және клиника саласындағы көшбасшы.
