Қосымша және бейресми білім беру бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Семей медициналық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі – «СМУ» КеАҚ) және «СМУ» КеАҚ-да медициналық және фармацевтикалық кадрлар, денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары және медициналық білімі жоқ адамдар үшін қосымша және бейресми білім беруді ұйымдастыру және өткізу тәртібін, сондай-ақ осы процеске тартылған «СМУ» КеАҚ-ның барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруді айқындайды.

Қосымша және бейресми білім беру бөлімінің негізгі міндеттері:

– денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін қосымша және бейресми білім беруді ұйымдастыру.

– кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру.

– Қосымша және бейресми білім беру бойынша қызметтер көрсетуге шарттар жасасу

– жасалған шарттардың мерзімдеріне мониторингті жүзеге асырады

Байланыс ақпараты

Мекенжай

071400, Абай облысы, Семей қ., Абай к-сі, 103, 307 кабинет

Телефон

8(7222) 32-88-20 (ішкі 1056)

Эл. пошта

doctor@smu.edu.kz

Жұмыс кестесі

Дс. – Жм. 08:30–17:30