Қызметкерлер мен білім алушыларға қызмет көрсету орталығы 01.11.2018 жылы ашылған.
Тапсырмалар, функциялар:
- Кіріс және шығыс хат-хабарларды және ішкі құжаттарды тіркеу және есепке алу;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеуді жүргізу;
- шығыс хат-хабарларды почта, факсимильдік байланыспен және қолма-қол жіберуді ұйымдастыру;
- құжаттарды Басқарма Төрағасына-ректорға, қызмет бағыттары бойынша төрағаның орынбасарларына қарауға ұсыну;
- құжаттарды “Құжаттамашы” бағдарламасы арқылы қойылған қарарларға сәйкес жауапты құрылымдық бөлімшелерге орындауға жіберу, сондай-ақ басқарманың өкімдерінің және негізгі қызмет бойынша бірінші басшының бұйрықтарының, қызметкерлерді келісудің (бұрыштама қоюдың)барлық кезеңінен өткен жағдайда оларды белгіленген тәртіппен “Құжаттамашы” бағдарламасы арқылы одан әрі өту үшін қызметтік іссапарға жіберу туралы бұйрықтардың қол қойылған жобаларын ресімдеу;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау тәртібіне сәйкес кіріс хат-хабарлардың, сондай-ақ басқарманың қойылған тапсырмаларының орындалуын бақылау, қажет болған жағдайда есепті құжаттарды дайындау;
- мұрағатқа істердің қалыптасуын, сақталуын және уақтылы берілуін бақылау;
- құжаттарды мұрағаттық сақтауды қамтамасыз ету;
- университет қызметкерлерінің сұранысы бойынша қызметтік құжаттардың көшірмелерін дайындау, көшірмелерін куәландыру;
- Басқарма Төрағасы-ректордың апта сайынғы кеңестерінің хаттамаларын жүргізу;
- іс қағаздарын жүргізу бойынша нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсынымдардың жобаларын әзірлеу;
- қызметкерлерді қызметтік іссапарға жіберу бойынша іссапар куәліктерін ресімдеу;
- құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары бойынша университет істерінің жалпы номенклатурасын жыл сайын ресімдеу;
- Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы және тиісті сенімхат негізінде Бірінші басшының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалану арқылы ҚР БҒМ “Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру” жүйесі арқылы “жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құжаттарының телнұсқаларын беру” мемлекеттік қызметін көрсету;
- Мұрағаттық анықтама беру;
- әр түрлі ұйымдардан дипломды растау туралы өтініштер;
- жалақы туралы мұрағаттық анықтамалар беру;
- curriculum беру;
- бірінші басшының ЭЦҚ арқылы” білім алушының жеке кабинетінен “Platonus” бағдарламасы арқылы “оқу орнынан білім алушыларға анықтама беру” қызметін көрсету;
- қызметкерлердің табысы туралы анықтама беру;
- білім алушылардың транскриптерін беру;
- жатақханаға орын бөлу жөніндегі комиссияның шешімі негізінде электрондық өтінімдер арқылы жатақханаға орналасуға жолдама беру, сондай-ақ жатақханаға орын бөлу жөніндегі комиссияның қарауы үшін білім алушылардың құжаттарының толықтығын және олардың тиісті ресімделуін тексеру;
- іссапарға келген қызметкерлерді есепке алу журналында міндетті түрде тіркей отырып келген тұлғаларды іссапар куәліктерінде тіркеу;
- egov порталында мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша білім алушылардың, ПОҚ-ның консультациялар беру;
- университет жатақханаларында білім алушыларды уақытша тіркеуді ресімдеу.





