«Семей медицина университеті» ҚеАҚ Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2022 жылғы 06 қантарында № 3 бұйрығымен құрылды.
Директорлар кеңесі, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе Жарғыда Жалғыз акционер мен университет Басқармасының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, Семей медицина университетінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Директорлар кеңесінің шешімдері Семей медицина университетінің жарғысында белгіленген тәртіппен қабылданады.