Комитет «Семей медицина университеті» КеАҚ директорлар кеңесіне есеп береді және өз қызметін «Семей медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің 28 желтоқсандағы 2020 жылғы №7 шешімімен бекітілген «Семей медицина университеті» КеАҚ Комитеттері туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Комитет қызметінің мақсаты «Семей медицина университеті» КеАҚ даму стратегиясын қалыптастыруға қатысты мәселелерді алдын ала қарау арқылы Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігін арттыру болып табылады.
«Семей медицина университеті» КеАҚ Жарғысына сәйкес Комитеттің мүшелерінің санын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның төрағасы мен мүшелерін сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату «Семей медицина университеті» КеАҚ директорлар кеңесі құзыретіне жатады.



