04.09.2017 ж. бекітілген Университеттің ұйымдық құрылымына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ақтаева Л. М. және ректордың «Құрылымдық бөлімшелердің атауын өзгерту, құру және тарату туралы» 07.09.2017 жылғы №278 бұйрығымен университеттің ұйымдық құрылымына ішкі аудит қызметі құрылып, өзгерістер енгізілді.

Ішкі аудит қызметінің миссиясы, мақсаттары, міндеттері мен функциялары, құқықтары, жауапкершілігі Қоғамның директорлар Кеңесі бекітетін ішкі аудит қызметі туралы ережеде айқындалады.

«Семей медициналық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ішкі аудит қызметі туралы ереже Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 31 мамырдағы сырттай отырысының шешімімен бекітілді (№1 хаттама).

IАҚ Қоғамның бақылау органы болып табылады, Қоғамда ішкі аудитті ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ету, үшінші тұлғалардың ықпалынан тәуелсіз, директорлар Кеңесін қоспағанда және Қоғамның Директорлар кеңесіне тікелей бағынады және есеп береді.

Қызметтің сандық құрамы, өкілеттік мерзімі, тәртібі мен жұмыс жоспарлары, оның басшысы мен қызметкерлерін тағайындау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, Қызмет қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің және сыйлықақы берудің жалпы шарттарын Қоғамның директорлар Кеңесі белгілейді және бекітеді.

Қызмет қызметі шешімдердің тәуелсіздігі, объективтілігі және бейтараптығы қағидаттары негізінде ұйымдастырылады.

Ішкі аудит – бұл ұйымның қызметін жақсартуға бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен кеңестер беру қызметі. Ішкі аудит университетке тәуекелдерді басқару, бақылау және корпоративтік басқару процестерінің тиімділігін бағалау және арттыру үшін жүйелі және дәйекті тәсілді қолдана отырып, өз мақсаттарына жетуге көмектеседі.

Қызметкерлер (2)

Данные не найдены
Белибаева Бақытгүл Әйкежанқызы
Клиникалық аудитор, дәрігер-сарапшы

Эл. пошта

bakytgul.belibayeva@smu.edu.kz

Байланыс ақпараты

Мекенжай

071400, Абай облысы, Семей қ., Абай к-сі, 103

Эл. пошта

sva@smu.edu.kz

Жұмыс кестесі

Дс. – Жм. 09:00–18:00