Омбудсмен – Директорлар кеңесі тағайындайтын тұлға. Оның қызметі – өзіне жүгінген қоғам қызметкерлеріне, еңбек дауларына, жанжалға қатысушыларға консультация беру және оларға Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауды (оның ішінде қажет болған жағдайда құпиялылықты сақтауды) ескере отырып, өзара қолайлы, сындарлы және іске асырылатын шешімге келуге жәрдемдесу, күрделі әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, сондай-ақ Қоғам қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауын қадағалау.
Омбудсмен қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, «Семей медицина университеті» КеАҚ омбудсмені туралы ережеге және қоғамның өзге де ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Омбудсмен жұмысының негізгі қағидаттары – тәуелсіздік, бейтараптық және әділдік, құпиялылық және бейресмилік.
Омбудсменнің негізгі функциялары:
- Іскерлік әдеп кодексінің ережелерін сақтамау туралы мәліметтер жинау;
- қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға Іскерлік әдеп кодексінің ережелері бойынша кеңес беру;
- Қоғам қызметкерлерінің жұмыскерлердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және Қоғамның лауазымды адамдарының қабылдаған шешімдеріне (актілеріне) байланысты өтініштерін қарау;
- Қоғам қызметкерлеріне жанжалдарды (дауларды) сот органдарына бергенге дейін олардың ерте сатысында реттеуге, соттан тыс тәртіппен реттеуге жәрдем көрсету;
- Қоғамның лауазымды тұлғаларына түскен өтініштер бойынша жанжалдарды (дауларды) реттеу жөнінде ұсыныстар жасау;
- жүйелі сипаттағы жанжалдарды (дауларды) шешу және алдын алу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
- қоғам қызметкерлерімен, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен қажетті кеңестер, кездесулер, консультациялар, талқылаулар өткізу, сондай-ақ келіп түскен өтініштер бойынша Қоғам қызметкерлерін тыңдау.
«Семей медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 30 қаңтарда қабылданған шешімімен Қоғамның омбудсмені болып Қажыбекова Рашиля Жүнісқанқызы сайланды.

