«Семей медициналық университеті» ҚеАҚ акушерия және гинекология кафедрасы 2011 жылдың 1 қыркүйегінде құрылды.
2022 жылы қайта құруға байланысты акушерия және гинекология кафедрасы А.А. Қозбағаров атындағы перинатология кафедрасы және акушерия және гинекология кафедрасымен бірігіп А.А. Қозбағаров атындағы перинатология кафедрасы болып өзгертілді. Осы кафедраның меңгерушісі лауазымына конкурс бойынша Гульяш Алтынғазиновна Танышева бекітілді.
Кафедрада дипломға дейіңгі білім беру және акушерия және гинекология мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша 2 жыл және акушерия және гинекология мамандығы бойынша, соның ішінде балалар гинекологиясын 3 жыл шамасында оқытуды жүзеге асыратын резидентурасы бар. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде және бакалавриат деңгейінде оқытылатын шетел топтары үшін ағылшын тілінде сабақтар жүргізіледі. Интерндер мен резиденттер Семей және Өскемен, Павлодар қалаларында оқи алады. Кафедраның клиникалық базалары Семейде: Семей қаласының перинаталды орталығы, ГМ «Жамиля», ШЖҚ-ғы КМК «№2 қалалық аурухана», ШЖҚ-ғы КМК «ЖМЖА», Өскемен қаласында: Өскемен қаласының ШЖҚ-ғы КМК «Ана мен бала орталығы», Өскемен қаласы ШЖҚ-ғы КМК «Облыстық аурухана», Өскемен гинекологиялық бөлім; ШЖҚ-ғы КМК «№1 қалалық аурухана» және ШЖҚ-ғы КМК 2-ші қалалық ауруханасы, Өскемен қаласының гинекологиялық бөлімдер. Сырттай штаттан тыс қызметкерлер мен резиденттердің клиникалық тәлімгерлері – клиникалық базалардың бөлім меңгерушілері, акушер-гинеколог ретінде үлкен тәжірибесі бар жоғары мамандандырылған дәрігерлер болып табылады.