1975 жылы доцент Анатолий Михайлович Бессоновтың жетекшілігімен, ассистенттер Б.Ш. Муратов пен Т.Б. Төлеутаевтың қатысуымен анестезиология-реаниматология курсы құрылды. Кейіннен бұл курс «Семей медицина университеті» КеАҚ Анестезиология және реаниматология кафедрасы болып қайта құрылды.
Қазіргі уақытта Анестезиология және реаниматология кафедрасының штатында 8 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 7-еуі профессор-оқытушылар құрамы және 1-еуі оқу-көмекші персонал:
Кафедра меңгерушісінің м.а. — Оразғалиева Меруерт Тасболатқызы, медицина ғылымдарының магистрі, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі; кафедра профессоры — Сыздықбаев Марат Келісұлы, медицина ғылымдарының докторы, жоғары біліктілік санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер; кафедра завучы — Мұратханова Жансая Мұратханқызы, бакалавриат бойынша жауапты, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог, токсиколог, денсаулық сақтау магистрі; ассистенттер: Әлпішева Сауле Владимировна — резидентура бойынша жауапты, қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша магистр, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер; Темірғалиев Марат Болатқалиұлы — медицина ғылымдарының магистрі; Рахымжанов Нұрлан Мұратұлы — жоғары біліктілік санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, ҚР үздік анестезиолог-реаниматологы.
Кафедрада дипломға дейінгі білім беру бағдарламалары мен «Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы» мамандығы бойынша 3 жылдық резидентурада оқыту жүргізіледі. Оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде, соның ішінде бакалавриат деңгейіндегі шетел бөлімі студенттері үшін жүргізіледі. Резиденттер Семей, Өскемен және Павлодар қалаларында білім алады. Кафедраның клиникалық базалары Семей қаласы бойынша: «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталі, Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының жедел медициналық көмек ауруханасы» ШЖҚ КМК, «Жәмила» мекемесі, «Бүйрек орталығы» мекемесі, Абай облыстық «Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК, Семей қ. «Astana Vision Semey» ЖШС. Клиникалық базалардың бөлімше меңгерушілері, Анестезиология және реаниматология мамандығы бойынша үлкен жұмыс тәжірибесі бар жоғары мамандандырылған дәрігерлер сыртқы қоса атқарушылар және резиденттердің клиникалық тәлімгерлері болып табылады.
Қызметкерлер (6)
Семей медицина университеті анестезиология және реанимация кафедрасы ассистенті, медицина ғылымдарының магистрі, жогары санатты анестезиолог дарыгеры
Анестезиология және реаниматология кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы, ең жоғары біліктілік санатындағы анестезиолог-реаниматолог дәрігері.
Туған күні: 20.01.1974
Эл. пошта
marat.syzdykbayev@smu.edu.kz
Анестезиология және реаниматология кафедрасының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі,
бакалавриат бойынша жауапты, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер, токсиколог,
денсаулық сақтау магистрі.
Эл. пошта
zhansaya.murathanova@smu.edu.kz
Анестезиология және реаниматология кафедрасының ассистенті. Жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер. Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау үздігі», Қазақстан Республикасының «Үздік анестезиолог-реаниматологы».
Туған күні: 13.02.1964
Эл. пошта
nurlan.rakhimzhanov@smu.edu.kz
Семей қалалық медицина университетты анестезиология және реанимация кафедрасының ассистенті
Эл. пошта
marat.temirgaliev@smu.edu.kz
Байланыс ақпараты
Мекенжай
071400, Абай облысы, Семей қ., Абай к-сі 103
Эл. пошта
smu@smu.edu.kz
Жұмыс кестесі
ДС. - ЖМ. 08:30–17:30






