| Кафедра туралы қысқаша ақпарат | Жұқпалы аурулары кафедрасы 1957 жылы құрылған; кафедраның бірінші меңгерушісі доцент Бороновский Л.М. болған. Педиатрия факультеті ашылғаннан кейін (1963 ж.) госпитальді педиатрия кафедрасының меңгерушісі Коган М.Б. балалар жұқпалы аурулары курсын құрды (1971 ж.). Балалар жұқпалы аурулары курсына жауапты м.ғ.к. доцент Лопатина Ж.М. болды., курс ассистенттері ретінде: Неустроева И.П., Волоза Р.З., Құрманова Б.Р., Уалиханов Т.У., Бекенова М.Е. жұмыс істеді. Кейіннен балалар жұқпалы аурулары курсы жеке балалар жұқпалы аурулары кафедра ретінде құрылды, кафедраның меңгерушілері: доцент м.ғ.к. Шабалин В.В., профессор м.ғ.д. Булаткина З.Г., профессор м.ғ.д. Архипов Г.С., доцент м.ғ.к. Құрманова Б.Р. Сонымен қатар кафедрада доцент м.ғ.к. Сафронов В.Р., м.ғ.д. Розенсон Р.И., м.ғ.к. Распопин В.Л., доцент м.ғ.к. Бекенова М.Е., доцент м.ғ.к. Құрманова Б.Р., м.ғ.к. Аткенов С.Б., Гатауллина Э.З., Набоков Е.В., Кабдуллина Ф.О., Мырзаханова Л.М., Салдырбаева М.О., Шалаганов Ж.Ф., Хамитова М.О., Ваулин С.С., Грибоедова А.А., Сальменбаева М.А., Исин А. Б., Сутормина А.В., жұмыс атқарды.
2002 жылдан қазіргі кезге дейін балалар жұқпалы аурулары кафедраны «Балалар жұқпалы аурулары» мамандығы бойынша жоғары санаттағы дәрігер, м.ғ.к.Эфендиев Имдат Муса Оглы басқарады. Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының негізгі құрамы: ассистенттер: м.ғ.к. Мансурова А.А., м.ғ.м. Кумарбекова А.К., Смаилов Е.С., Дәлелқанова Т.Д., Қаржаубаева С.Р., Асылбеков Б.Ж., лаборант Мурсалимбаева А.Т. Кафедра заманауи инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы сапалы білім беру үрдісін жүргізу үшін заманауи материалдық – техникалық базаға ие. Кафедрада «Балалар жұқпалы аурулары» пәні бойынша үш тілде, әр түрлі деңгейде, әр түрлі білім беру бағдарламаралы бойынша оқыту жүргізіледі: 4 курста «Жалпы медицина», «Педиатрия» және «Қоғамдық десаулық сақтау» мамандығы бойынше, 3 курста «Стоматология» және «Медицина-алдын алу ісі»; интернатаруда «Педиатрия» мен «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» мамандықтары; резидентурада «Жұқпалы аурулар ересектердегі, балалардағы», «Педиатрия», «Отбасы медицинасы», «Шұғыл медициналық көмек» мамандықтары. 2024-2025 оқу жылында кафедра «Жұқпалы аурулар ересектердегі, балалардағы»резидентура білім беру бағдарлама бойынша қайта мамандандырылған халықаралық аккредиттеуден өтті. 2025-2026 оқу жылынан бастап резидентурада «Балалардың жұқпалы аурулары» білім беру бағдарламасы бойынша оқыту жоспарлануда. Клиникалық базаларда студенттер күнделікті науқастармен жұмыс істеуге барлық қажетті құзыреттерді меңгеруге мүмкіндік алады. Кафедра қызметкерлері Халықаралық, Республикалық ғылыми және әдістемелік конференциялар мен семинарларға тұрақты түрде белсенді қатысады; Қазақстан Республикасында, сондай ақ алыс және жақын шетелдерде білімдерін жетілдіреді. 2007 жылы ассистент Мансурова А.А. АҚШ-да «Ғылыми зерттеулер менеджменті» саласы бойынша білімін жетілдірді. Кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М 2011 жылы Израильде «Мамандарды аттестациялау және лицензиялауды зерттеу» біліктілігін арттыру циклын оқыды. 2017 жылы ассстент Құмарбекова А.К. Израильде клиникалық бағыт бойынша білім алды; 2018 жылы ассистент Сутормина А.В. «Балалардағы щұғыл жағдайдайлары» бойынша Ресейде білім алды. ДДҰ бағдарламасы: «Аса қауіпті инфекцияларды анықтау стандарты», «Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастырып жүргізу» бойынша кафедра қызметкерлері білімдерін жетілдірді. Балалар жұқпалы аурулары кафедрасында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Барлығы 3 докторлық, 17 кандидаттық диссертация, 4 магистрлік жұмыс қорғалды. Қазіргі уақытта «Медицина» мамандығы бойынша екі докторлық жұмыстары жасалуда. Кафедра «Бруцеллез және жұқпалы аурулардың өзекті мәселелері» ғылыми мектебінің мүшесі. Кафедра ұжымы жұқпалы аурулары маңызды сұрақтар бойынша 50-ден аса оқу-әдістемелік жинақ жасалып, 400-ден аса ғылыми-әдістемелік мақала жарияланды. Эфендиев И.М. басқаруымен 2013 – 2024 жылдар аралығында балалардағы 35 түрлі инфекциялық аурулардың диагностикасы және емдеу клиникалық хаттамалары жасалынды. Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі бар, оның мүшелері жыл сайынғы қорытынды ғылыми студенттер конференциясы мен Семей медициналық университетінің жас ғалымдарының конференциясына, сондай-ақ таяу және алыс шетелдердегі студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференцияларына қатысады. Студенттердің ғылыми конференциясында баяндама жасаған студенттер жыл сайын жүлделі орындарға ие болады. 2010-2011 оқу жылындағы «Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының арасындағы үздік түлек» байқауында интерн дәрігер – балалар инфекционисті К.Абдикаримова (ғылыми жетекшісі Эфенндиев И.М.) бірінші орынды иеленді. Кафедра меңгерушісі И. М. Эфендиевтің жетекшілігімен қызметкерлер Абай, Шығыс Қазақстан және басқа да облыстардың дәрігерлері үшін балалардағы жұқпалы аурулардың өзекті мәселелері бойынша үнемі біліктілікті арттыру циклдерін өткізеді. 2015-2016 жылдары Семей Медицина Университетінде кафедралардың рейтингі нәтижесі бойынша «Үздік кафедра меңгерушісі» Эфендиев И.М., «Үздік ассистент» – Сутормина А.В. номинациясына ие болды. 2015, 2016 және 2017ж. ғылыми рейтинг нәтижесі бойынша «Ғылыми –зерттеу жұмысымен айналысатын үздік ғалым» номинациясына кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М. ие болды. «Үздік бейнедәріс» конкурсында ассистент Мансурова А.А. жүлделі орында ие болды. COVID-19 эпидемиясының басталуымен Эфендиев И.М. COVID-19 профилактикасы бойынша облыстық (ШҚО) және қалалық (Семейде) штабтың мүшесі. Қазіргі уақытта, күн сайын, 24/7, Эфендиев И.М. COVID-19 бар науқастарға оларды қарау және емдеу туралы кеңес береді. Семей қаласында контактілерді, күдікті жағдайларды сұрыптау бойынша кеңестік жұмыс жүргізеді. Пандемия кезінде кафедра қызметкерлері Эфендиев И.М. жетекшілігімен үнемі консультативтік-әдістемелік көмек көрсетеді: әдістемелік құралдар жазу, өлім жағдайларын зерттеу, дәрістер оқу, Семей өңірі мен Абай облысының практикалық денсаулық сақтау дәрігерлеріне COVID-19 диагностикасы, емі және алдын-алу бойынша семинарлар өткізу. Кафедра меңгерушісі Эфендинв И.М. және ассистенттер Смаилов Е.С., Грибоедова А.А., Ержигитова Э.М., Сальменбаева М.А., Дәлелқанова Т.Д. «қызыл аймақта» жұмыс істеді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы белсенді түрде тәрбие жұмысына қатысады, ЖОО және Абай облысы деңгейінде іс-шаралар ұйымдастырады. Кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М. КеАҚ «СМУ» біріншілік «Amanat» партиялық ұйымының мүшесі бола отырып, университет және Семей қаласы жастарына патриоттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады. Кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М. 2005-2007 жж. аралығында СММУ педиатрия және стоматология факультетінің деканы; 2010-2012 жж. – СММУ интернатура деканы жұмысын бірлесіп атқарды. Сол уақытта 2011 жылы СММУ интерн – түлектері Мемлекеттік аттестация нәтежиесі бойынша барлық ҚР медициналық университеттерінің арасында ең үздік интерндер атанды. Кафедра өзінің ең үздік оқытушыларымен және түлектерімен мақтанады: профессор Архипов Г.С., доцент м.ғ.к.. Бекенова М.Е., доцент м.ғ.к. Құрманова Б.Р., профессор Розенсон Р.И., Распопин В.Л. |
| Кафедра меңгерушісі | Эфендиев Имдат Мусаевич, м. ғ. к., “Балалар жұқпалы аурулары” мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. Докторанттар мен магистранттардың ғылыми жетекшісі. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – балалардағы жұқпалы ауруларды диагностикалау мен емдеудің республикалық клиникалық хаттамаларын әзірлеуші. Абай облысының балалар бас инфекциялық маманы.
Денсаулық сақтау саласының үздігі. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі; «Семей медицина университеті сіңерген еңбегі үшін» төсбелгісі; Республикалық Отан партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі; «Шапағат» медалінің иегері. |
| Кафедраның ПОҚ | · Мансурова Анаргуль Абдоллаевна, ассистент, м.ғ.к. «Балалар жұқпалы аурулары» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. Дипломнан кейінгі білім беріу бойынша оқу ісінің меңгеруші, кафедраның ғылыми жұмысына, интерндер мен резиденттерді оқытуға, ағылшын тілінде сабақ беруге жауапты.
· Смаилов Ернат Сеилханович, ассистент. Кафедрадағы СҒЗЖ және мемлекеттік тілде құжаттарды жүргізуге, сонымен қатар кафедраның іс-шараларын әлеуметтік желілерде, ЖОО сайтында жариялауға жауапты. “Балалар жұқпалы аурулары” мамандығы бойыншабіірінші санаттағы дәрігер. · Кумарбекова Айнур Кумарбековна, ассистент, м.ғ.к. «Балалар жұқпалы аурулары» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер.Тәрбие жұмысына жауапты. · Дәлелқанова Талшын Дәлелқанқызы, ассистент. Дипломға дейінгі білім беріу бойынша оқу ісінің меңгеруші. “Балалар жұқпалы аурулары”мамандығы бойынша екінші санаттағы дәрігер. Ағылшын тілінде сабақ беруге және құжаттарды жүргізуге жауапты. · Каржаубаева Сауле Раушановна, ассистент. «Балалар жұқпалы аурулары» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. Ответственная за проведение циклов повышения квалификации. Кафедра профоргы. · Асылбеков Бейбитбек Жакупбекович, ассистент. «Балалар жұқпалы аурулары» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. Емдеу жұмысына жауапты. · Мурсалимбаева Айтолкын Токтархановна, кафедра лаборанты. |
| Кафедраның байланыс ақпараты | Почталық мекен-жай: 071400, Абай облысы, Семей қаласы, Туктыбаев көшесі, 55.
Электронды мекен-жай: Автобустар бағыты: 12, 9 (соңғы аялдама) |







