1953 жылы Дене шынықтыру кафедрасы құрылды. Алғаш кафедра меңгерушісі болып Семенова Анна Каланчина тағайындалды. Одан кейінгі уақыттарда А. М. Денисенко, А. М. Шипулин, В. А. Никифоров, Г. В. Фролова, Е. Р. Амиров, П. М. Гривков, С. А. Баширханов, Е. К. Мырзабосынов кафедра меңгеруші қызметін атқарды.
Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің командасы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының VIII жылдық Универсиадасында Қазақстан Республикасының 100-ден астам жоғары оқу орындары арасында спорттың 37 түрінен 3-ші командалық орынға ие болды.
2014 жылы Дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы Тұрсынов Мұхит Шыңғысбекұлы «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы атанды.
2014 жылы Дене шынықтыру кафедрасының оқытушылары
Тұрсынов Мұхит пен Сепілұлы Айдос Орынбор қаласы, Ресей Федерациясында өткен «Қазақ күресі» әлем чемпионы атанды.
2018 жылы Дене шынықтыру кафедрасы Жалпы білім беру кафедрасымен біріктірілді.
2022 жылы 07 желтоқсанда «СМУ» КеАҚ Ғылыми кеңестің шешімімен Дене шынықтыру кафедрасы жеке кафедра болып бөлінді. Кафедра меңгерушісі болып уақытша қызметті атқару оқытушы А. Сейпілұлына тапсырылды.
Дене шынықтыру кафедрасының құрамында; Кыдырбаев А. М. – аға оқытушы, Смагулов С. С. – аға оқытушы, Баширханов С. А. – аға оқытушы, Селихов И. В. – оқытушы, Болатова Ш. Б. – оқытушы, Бекбосынов Д. А. – оқытушы, Оразбекова Т. Б. – лаборант.
Дене шынықтыру кафедрасы жұмыс істеген барлық уақыт ішінде негізгі міндеттер мыналар болып табылады:
- Дене шынықтыру кафедрасының басты мақсаты «СМУ» КеАҚ студенттерімен сабақтар өткізу;
- «СМУ» КеАҚ студенттерін әр түрлі республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі спорттық шараларға қатыстыру үшін студенттермен секциялық жұмыстар жүргізу;
- спорттық бұқаралық жұмыстарды оның ішінде университетішілік жарыстарды, табиғатқа сауықтыру саяхаттарын, жеңіл атлетикалық кросстарды және т. б. салауатты өмір салтын насихаттау, «СМУ» КеАҚ студенттер мен қызметкерлердің спортқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.