Кафедра тарихы

Семей медициналық институтының хирургия кафедрасы 1957 жылы облыстық аурухананың хирургиялық және травматологиялық бөлімшелері базасында ұйымдастырылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі қызметін институт ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер К.Ч. Чуваков атқарды. Кафедраның қалыптасу кезеңінде онда доценттер: М.А. Лихтентул, И.К. Карамендин, Н.Е. Потатуркина, А.А. Кох және Е.М. Айзенберг қызмет етті.

1964–1967 жылдар аралығында кафедраны доцент И.И. Шушковский басқарды. Бұл кезеңде кафедраның негізгі ғылыми-зерттеу бағыты ретінде сүйек пен буын аурулары мен жарақаттары, сондай-ақ құрсақ қуысы ағзаларының шұғыл хирургиясы айқындалды.

1967–1970 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін медицина ғылымдарының докторы, профессор А.И. Барышников атқарды. Одан кейін, 1970–1972 жылдары кафеданы доцент В.И. Русанов, ал 1972–1976 жылдары профессор М.Д. Арсланов басқарды. 1976–1981 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін профессор С.Н. Захаров атқарды.

Аталған жылдары кафедра жанында бірқатар өзекті клиникалық және ғылыми мәселелер бойынша зерттеулер жалғасын тапты. Атап айтқанда, өкпенің іріңді-қабыну аурулары (ассистенттер В.К. Островский, В.А. Ермолаев), ішек жыланкөзі мен құрсақ қабырғасының жарығы (ассистенттер В.Ф. Зонов, В.А. Хребтов), бауыр аурулары (доцент В.А. Баскаков), қалқанша без аурулары (доцент А.А. Алмагамбетов), сондай-ақ аорта мен артериялар патологиясы (доцент А.М. Ягудин) бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

1982–1996 жылдар аралығында кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор М.Г. Кутяков басқарды. Бұл кезеңде кафедраның клиникалық және ғылыми-зерттеу бағыты ретінде хирургиялық гастроэнтерология саласы жетекші орын алды. Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруында ағзаны сақтап қалуға бағытталған хирургиялық әдістер кеңінен енгізіле бастады.

1996 жылдан 2013 жылға дейін кафедра меңгерушісі қызметін медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.Р. Рахметов атқарды.

2013 жылдан 2025 жылға дейін госпиталды хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі қызметін медицина ғылымдарының докторы, профессор Аймағамбетов Мейірбек Жақсыбекұлы атқарды. Бұл кезеңде кафедраның ғылыми-зерттеу бағыты ретінде гепатопанкреатобилиарлық хирургия, эндокриндік хирургия, құрсақ қабырғасының жарықтары және хирургиялық гастроэнтерология салалары дамыды.

Профессор Аймағамбетов Мейірбек Жақсыбекұлының ғылыми жетекшілігімен бүгінгі күнге дейін медицина мамандығы бойынша 4 PhD докторлық (Раймханов А.Д., Әуенов М.Ә., Абдрахманов С.Т., Ахметов А.Ж.) және 6 магистрлік (Абдрахманов С.Т., Серікбайұлы Д., Нечучкина В.В., Қосаева С.Б., Масалов А.Е., Ахметов А.Ж.) диссертация табысты қорғалды. Сонымен қатар қазіргі уақытта 3 PhD докторанттың ғылыми жетекшісі болып табылады.

2025 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін PhD Омаров Назарбек Бақытбекұлы атқарып келеді. Кафедраның ғылыми-зерттеу бағыттары ретінде гепатопанкреатобилиарлық хирургия, эндокриндік хирургия, құрсақ қабырғасының жарықтары және хирургиялық гастроэнтерология салалары айқындалған.

 

 

Кафедраның міндеттері мен функциялары

  • Оқу, тәрбие, әдістемелік, ғылыми-зерттеу және емдеу-диагностикалық жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау;
  • Қазіргі заманғы оқыту технологиялары мен әдістерін енгізу;
  • Оқу үдерісі мен емтихан нәтижелеріне талдау жүргізу;
  • Студенттердің ғылыми және өзіндік жұмыстарының деңгейін жетілдіруге бағытталған оқу үдерісіне арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу;
  • Оқу құралдары мен басқа да оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған болашақ жоспарларды дайындауға қатысу;
  • Оқу пәндері бойынша оқу сабақтарының ұйымдастырылуы мен жүргізілуіне бақылау жасау;
  • Емдеу және кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Клиникалық конференцияларға қатысу және оларды өткізу;
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми семинарларды ұйымдастыру және өткізу.

Қызметкерлер (7)

Омаров Назарбек Бақытбекұлы
PhD докторы, Кафедра меңгерушісі
Туған күні: 25.05.1983

Эл. пошта

nazarbek.omarov@smu.edu.kz

IMG_9724
Профессор, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты хирург
Туған күні: 30.07.1962

Эл. пошта

meyirbek.aimagambetov@smu.edu.kz

Бүлегенов Толқын Алпысбайұлы
Профессор, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты хирург

Эл. пошта

tolkyn.bulegenov@smu.edu.kz

IMG_9735
Қауымдастырылған профессор, MD, PhD. Жоғары санатты хирург. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты

Эл. пошта

samatbek.abdrakhmanov@smu.edu.kz

IMG_9749
Қауымдастырылған профессор, MD, PhD. Жоғары санатты хирург. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты

Эл. пошта

medet.auenov@smu.edu.kz

Безымянный
Медицина ғылымдарының магистрі. PhD докторанты. Кафедра ассистенті. Хирург.
Туған күні: 20.12.1993

Эл. пошта

aldiyar.masalov@smu.edu.kz

erih_oksana_viktorovna
Аға зертханашы
Туған күні: 08.03.1980

Эл. пошта

oxana.erikh@smu.edu.kz

Байланыс ақпараты

Мекенжай

071400, Абай облысы, Семей қ., Сеченов к-сі, 1 «СМУ» КеАҚ УГ. 3-қабат. Ересектерге арналған хирургия бөлімі, госпитальдық хирургия, анестезиология және реанимация бөлімі

Эл. пошта

hospital.surgery@smu.edu.kz

Жұмыс кестесі

Дс. – Жм. 08:00–15:00

Фотогалерея