Фармакология кафедрасы Семей мемлекеттік медицина институтында 1955-1956 оқу жылдары ашылды (Гребнева Л. А., Алтымышев А. А. кейін атақты ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қырғыз ғылыми Академиясының академигі атанған). 1962 жылдан бастап кафедраны м.ғ.к., доцент К. О. Оралбаев, 1971 жылдан бастап – м.ғ.д., профессор М. Д. Гаевый басқарды. Олардың жетекшілігімен бірнеше диссертациялар қорғалды, негізгі бағыттары ми қанайналымының фармакологиясын зерттеу болды. 1975 жылдан 1979 жылға дейін кафедраны м.ғ.к., доцент Е. О. Омарханов, 1979 жылдан 1980 жыл аралығында С. П. Трофименко басқарды.

1980-2015 жылдар аралығында Семей қаласының ММУ фармакология кафедрасын м.ғ.д., профессор, ҚР медициналық ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Мусин Марат Нукенұлы басқарды. 1975 жылы Киев қаласында «Фармакологическое изучение полифенольного препарата, полученного из мяты перечной» тақырыбында кандидаттық диссертациясын, 1993 жылы Мәскеу қаласында КСРО МҒА фармакология институтының базасында «Фармакологическое изучение противоаритмических свойств нового класса соединений – 1,2-замещенных пирролов» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Мусин М. Н. жетекшілігімен 2 докторлық және 5 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Қазақ тіліндегі фармакология бойынша кітаптардың авторы.

Клиникалық фармакология және клиникалық лабораторлы диагностика кафедрасы 1989 жылы ашылды. Алғаш негізін қалап, кафедра меңгерушісі болған м.ғ.д., профессор Жангелова Майра Бельгибаевна. СММИ емдеу факультетін 1964 жылы бітірген. СММИ биохимия кафедрасында ассистент, Харьков медициналық институтының биохимия кафедрасының аспиранты (1966-1968 жж.), ассистент, доцент, профессор. Жангелова М. Б. жетекшілігімен 1 кандидаттық диссертация қорғалған. Дүниежүзілік алтын медальмен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. ҚР Жоғарғы Совет депутаты болған (1990-1994ж.ж.).

2000 жылдан 2009 жж. аралығында клиникалық фармакология курсын СММА профессоры Байсугуров Ж. Б. басқарды. Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін 1969 жылы бітірген. 1984 жылы «Лечение больных гонореей мужчин бензилпенициллином и иммунопрепаратами в комплексе с адъювантами при вялотекущем процессе» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған. 45 жазба жұмысының, студенттерге, интерндерге және дәрігерлерге арналған 6 оқу құралының авторы. 1983 жылы «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төс белгісімен, ал 1987, 1995 жылдары ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің «Мақтау қағазымен» марапатталған.

Әр түрлі жылдары кафедрада доцент Мальцев В. Г., доцент Кулубеков Р. Е., доцент Капанова Г. К., Пчелинцева Т. М., Доланбекова М. А., Рахимгалиева Г. Б., Алиева С. А., Нугманова З. Е., Сундеева Е. А., ассистенттер жұмыс істеді.

Кафедра құрылғалы Акимжанова Есенгайша Фаруазбекқызы лаборант қызметін атқаруда.

2015 жылдан бүгінгі күні кафедра меңгерушісі қызметін Тулеутаева Райхан Есенжанқызы атқарады, 1988 жылы Семей Мемлекеттік Медицина Институтын үздік бітірді. Дәрігер-нефролог және жоғары категориялы терапевт, нефрология және терапия бойынша тәуелсіз аккредиттелген эксперт, Астана Медициналық Университетінде және ҚазҒЗИ кардиология және ішкі аурулары резидентура мамандығы бойынша ұлттық эксперт ретінде аккредитациялауға қатысты. 2005 жылы «Патогенетические механизмы пневмонии на фоне хронической обструктивной болезни легких и вопросы совершенствования лечения» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 2007 жылдан бастап жалпы және клиникалық фармакология кафедрасында ассистент қызметін атқарды, 2009 жылдан – клиникалық фармакология дисциплинасына жауапты болды. 2013 жылы АҚШ, 2015 жылы Австралияда өндірістік тәжірибеден өтті.

2012 жылы «ҚР Денсаулық Сақтау Үздігі» төс белгісімен марапатталды, 2013 жылы Халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері. 2016 жылы Ресей Жаратылыстану Академиясының Профессоры атағын иеленді, «Ғылым және білім саласының еңбек сіңірген қайраткері» төс белгісімен, «Фармация кафедрасына адалдығы үшін» медальмен марапатталды. 100 астам ғылыми публикациялар, клиникалық фармакология бойынша қазақ тілінде 7 оқу құралы бар, клиникалық фармакология және фармакотерапия бойынша орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде 1 терминологиялық сөздік, 4 рационализаторлық ұсыныс, зерттеу жұмыстарын жүргізуге 1 авторлық куәлік бар. Клиникалық фармакология мамандығы бойынша 6 резидент дайындады, 4 магистрант, PhD докторанттарына жетекшілік етеді. Медицинаның әр түрлі саласы бойынша ҚР диагностика және емдеу клиникалық протоколдарының құрастырушысы ретінде 2015 жылдан бастап жұмыс тобының құрамында қызмет етеді.

 

Қазіргі уақытта кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысындағы басым бағыттары фармакоэпидемиология және фармакогенетика, дәрілік заттарды қолданудың қауіпсіздік мәселелерімен ғылыми қызметкерлер Махатова А. Р., Мусина А. Е., Алиева С. А. айналысады.

Қызметкерлер (10)

img_0186
Кафедра меңгерушісі
Туған күні: 13.12.1965

Эл. пошта

raikhan.tuleutayeva@smu.edu.kz

Дюсенбаева_Гульнара_Калиевна
Медицина бакалавры
Туған күні: 26.03.1977

Эл. пошта

gulnara.dyusenbayeva@smu.edu.kz

img_0177-1
Оқу ісінің меңгерушісі, “Жалпы патология” коммитиінің директоры

Эл. пошта

umit.zheldibayeva@smu.edu.kz

imatulina_zhanyl_bolatovna
Медицина бакалавры
Туған күні: 19.06.1997

Эл. пошта

zhanyl.imatulina@smu.edu.kz

img_0191
Ассистент, клиникалық фармаколог

Эл. пошта

saule.aliyeva@smu.edu.kz

image-placeholder.jpg
Ассистент, клиникалық фармаколог, медицина магистры

Эл. пошта

assem.makhatova@smu.edu.kz

image-placeholder.jpg
Кафедра асситенті

Эл. пошта

aigerim.mussina@smu.edu.kz

image-placeholder.jpg
Ассистент, клиникалық фармаколог

Эл. пошта

yenglik.serikbolkyzy@smu.edu.kz

Байланыс ақпараты

Мекенжай

Жалпы фармакология: 071400, Абай облысы, Семей қ., Абай к-сі, 103

Клиникалық фармакология: «Семей медицина университеті» КеАҚ УГ, Семей қ., Сеченов к-сі, 1

Эл. пошта

pharmacology@smu.edu.kz

Жұмыс кестесі

Дс. – Жм. 09:00–18:00