Медициналық реабилитология және неонатология кафедрасы 2025 жылғы 29 мамырдағы №359 бұйрық негізінде “МУС” КеАҚ  Басқарма төрағасы – Ректорының шешімімен ұйымдастырылған.

Қазіргі таңда кафедра меңгерушісі болып конкурстық комиссияның шешімімен медицина ғылымдарының кандидаты, ассистент профессор Алимбаева А.Р. тағайындалды. Кафедра құрамында келесі қызметкерлер жұмыс істейді: Тлемисов А.С., Алибекова Б.А., Даирбеков Е.Е., Аильбаева Н.М., Дулетжарова Ж.Қ., Алибек Е.

Кафедраның білім беру қызметі 2019 жылдан бастап «Неонатология» және 2020 жылдан бастап «Физикалық медицина және реабилитация» мамандықтары бойынша мамандар даярлауға бағытталған.

Біздің түлектер кәсіби салада табысты еңбек етуде. Олардың барлығы жұмысқа орналасқан, қазіргі таңда олардың қатарында – бас дәрігер, бөлім меңгерушілері, сондай-ақ ғылыми қызмет аясында оқуларын жалғастырып жатқан докторант бар.

Интернатура деңгейінде оқыту 2021-2022 оқу жылынан басталды:

  • «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» мамандығы бойынша – «Реабилитология» пәні,
  • «Педиатрия» мамандығы бойынша – «Балалар реабилитологиясы» пәні.
    2023-2024 оқу жылынан бастап «Кардиология» мамандығы бойынша резидентурада – «Кардиологиядағы реабилитация» пәні енгізілді.
    2024-2025 оқу жылынан бастап – «Неврология» мамандығы бойынша «Нейрореабилитация» пәні оқытылуда.

2025-2026 оқу жылынан бастап барлық білім беру деңгейлері енгізілді:

  • Бакалавриат:
    • 2 курс Жалпы медицина – «ЛФК және массаж негіздері» пәні,
    • 3 курс Педиатрия және МІ – «ЛФК және массаж негіздері» пәні,
    • 4 курс Жалпы медицина – «Медициналық реабилитология негіздері» пәні.
  • 6 курс ЖВП: «Реабилитология» пәні,
  • 6 курс Педиатрия: «Балалар реабилитологиясы» пәні.

Неонатологтарды даярлау бойынша білім беру бағдарламалары:

  • 5 және 6 курс Педиатрия,
  • Резидентура деңгейінде – «Неонатология» мамандығы бойынша «Неонатологияда ерте реабилитация» пәні.

Кафедрада оқыту үш тілде жүргізіледі.
Оқу үдерісінде инновациялық оқыту әдістері, CBL, интеграцияланған сабақтар кеңінен қолданылады.

Соңғы 5 жылда жарық көрген әдістемелік нұсқаулар:

  1. «Салмақты болып туған балаларға медициналық көмек көрсету бойынша әдістемелік ұсынымдар», 2019 ж.
  2. «Бронх-өкпе дисплазиясы бар балаларда когнитивтік дамудың кешеуілдеуін ерте диагностикалау бойынша әдістемелік ұсынымдар», 2020 ж.
  3. «Қазақстанның шығыс өңірінде макросомиямен туған нәрестелерді D дәруменінің жетіспеушілігі және микроэлементтік-минералдық құрамы бойынша жүргізу әдістемесі» – орыс тілінде, Семей қаласы ММУ-дың ОӘК отырысында бекітілген, 2022 ж.

Кафедраның клиникалық базалары:

  • «МУС» КеАҚ клиникалық ауруханасы,
  • Реабилитация және абилитация орталығы,
  • «Токтамыс» ЖШС,
  • Семей қаласының перинаталдық орталығы,
  • Өскемен және Павлодар қалаларындағы филиалдар.

Кафедра қызметкерлері аталған клиникалық базаларда белсенді клиникалық қызмет жүргізеді, денсаулық сақтау мекемелеріне практикалық көмек көрсетеді, дәрігерлерге арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады және өңірдегі реабилитациялық және неонатологиялық қызметтің жай-күйіне арналған дөңгелек үстелдерге қатысады.

Кафедра жыл сайын отандық және шетелдік жетекші мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтарын ұйымдастырып отырады. Жоғары біліктілік санаты бар кафедра қызметкерлері: Алимбаева А.Р., Тлемисов А.С., Алибекова Б.А., Аильбаева Н.М.

Кафедраның дәстүріне айналған ашық есік күндері жыл сайын өткізіледі. Бұл іс-шараларға әртүрлі мамандықтардағы резиденттер қатысып, ол атаулы күндерге арналады: Шала туған балалар күні, Балаларды қорғау күні, Балалар жүрегі күні және Реабилитолог күні.

Сондай-ақ кафедрада жас ғалымдар мен қызметкерлердің ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында «Балалардағы тапшылық жағдайлар» ғылыми мектебі жұмыс істейді.

2007 жылдан бастап кафедра неонатолог-дәрігерлерге арналған онлайн-журнал клубын ұйымдастырып келеді, ал 2023 жылдан бастап Қазақстан реабилитологтарына арналған «Қамқорлық және қалпына келтіру» атты онлайн-клуб құрылды.

Кафедра қызметкерлері ғылыми кеңестің, академиялық кеңестің, МКС, терминологиялық кеңестің және КОП мүшелері болып табылады. Сонымен қатар, олар Қазақстан Республикасының реабилитологтар мен неонатологтар кәсіби қауымдастықтарының мүшелері болып табылады.

Қызметкерлер (9)

WhatsApp Image 2025-10-14 at 2.33.31 PM
Медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Туған күні: 16.09.1968

Эл. пошта

aliya.alimbaeva@smu.edu.kz

WhatsApp Image 2025-10-14 at 2.33.34 PM
Ассистент
Туған күні: 13.03.1986

Эл. пошта

nazym.ailbayeva@smu.edu.kz

WhatsApp Image 2025-10-14 at 2.33.30 PM
Медицина ғылымдарының магистрі.
Туған күні: 23.12.1979

Эл. пошта

bakytzhan.alibekova@smu.edu.kz

WhatsApp Image 2025-10-14 at 2.33.30 PM
Ассистент
Туған күні: 03.06.1991

Эл. пошта

yernar.dairbekov@smu.edu.kz

WhatsApp Image 2025-10-14 at 2.33.31 PM
Оқытушы
Туған күні: 16.01.1994

Эл. пошта

zhaiyk.dauletzharova@smu.edu.kz

zorina_yuliya_nikolaevna
Физикалық медицина және реабилитация мамандығының 1 курс резидентi

Эл. пошта

yuliya.nikolaevna@smu.edu.kz

WhatsApp Image 2025-10-14 at 2.33.38 PM
PhD, қауымдастырылған профессор

Эл. пошта

aidos.tlemissov@smu.edu.kz

Байланыс ақпараты

Мекенжай

071400, Абай облысы, Семей қ., Абай к-сі 103

Эл. пошта

smu@smu.edu.kz

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі - Жұма 08:30 - 17:30

Фотогалерея