Неврология
Біздің кафедраның тарихы 1958 жылдан басталынады. Осы жылы институттың Ғылыми кеңесінің шешімімен неврология кафедрасы ашылды. Неврология кафедрасының бірінші меңгерушісі болып Дмитриев Игорь Александрович тағайындалды. Ол көптеген ғылыми жұмыстардың авторы, оның негізгі бағыты ми қан айналысы бұзылғандағы ыстық суықтың реттелуі болды және осы кезеңде ассистент – Беляков М.И. қызмет атқарды
1963 жылдан бастап кафедраны Высоцкий Геннадий Яковлевич басқарды. Г.Я. Высоцкидің докторлық диссертациясы «Вегетативно-трофические изменения кожи при поражении нервной системы на различных уровнях», деп аталды және «Системная и очаговая склеродермия» атты монографиясы жарық көрді.
Г. Я. Высоцкимен кафедрада доценттер Кипервас Изяслав Петрович және Равинская Антонина Фердинандовна қызмет атқарды, олар студенттермен аурулардың арасында өздері туралы жарық естелік қалдырды.
И. П. Кипервастың «Нейроваскулярные синдромы плечевого пояса и рук» және «Нейроваскулярные синдромы остеохондроза позвоночника» атты жұмыстарына дүние жүзілік ғалымдар назар аударады.
1,5 жыл (1978-1980 жж.) кафедраны Ұлы Отан соғысының ардагері профессор Загоровский Евгений Петрович басқарды, ол кісінің ғылыми жұмыстары нерв жүйесінің ауруларында кездесетін висцеро-рефлекторлық синдромның патогенезі және оның алдын алу шаралары болды.
1980 жылы кафедраны медицина ғылымының докторы, профессор Корин Марк Михайлович басқарды.
М. М. Корин 1971 жылы дүниежүзілік неврологиялық ғылымға үлес қосты. Ол «Клинико-экспериментальное изучение патогенеза рассеянного склероза» деп аталатын жұмысын басып шығарды. М. М. Коринның басқаруымен кафедра қызметкері Нуржанов М. К. Шығыс Қазақстандағы шашыраңқы склероз ауруының клинико-эпидемиологиялық ізденіс жұмысын жүргізді. Бұл ізденістің қорытындысы бұл ауруға нәтижелі диагноз қою және емдеу жолдарын жақсартуға өте зор көмек көрсетті.
М. М. Кориннің басқаруымен доцент Хайбуллин Т. Н. нерв жүйесінің қабыну және қан айналысы бұзылу ауруларындағы ми сұйықтығының кристаллографиялық тексеру әдісін жетілдірді. Ол жұмыс медицина ғылымының кандидаты және 3 авторлық куәлікпен қалыптасты.
1992 – 1994 жылдар аралығында кафедраны медицина ғылымының докторы, профессор Брыжахин Геннадий Григорьевич басқарды.
Г. Г. Брыжахинның ғылыми жұмысы сәулелік ауруының ми қан айналысына әсері жөнінде, вегетативтік нерв жүйесімен шеткі нерв жүйесі патологиясы жайында болды. Оның жетекшілігімен осы кафедраның қызметкері Лобко В.С. ғылыми кандидаттық диссертация қорғады, ол созылмалы бруцеллез кезіндегі және бел остеохондроздағы люмбальдық синдромының патогенезімен клиникасындағы ерекшеліктеріне арналды.
Доцент Иванов Лев Анатольевич, Г. Г. Брыжахиннан кейін (1998 ж.) қысқа аралықта кафедра меңгерушісі болды. Ол Шығыс Қазақстандағы нейрохирургия қызметінің дамуына зор үлес қосты. Л.А. Иванов омыртқа нерві синдромының хирургиялық емдеу жолын ойлап тапты.
1994 жылдан 2018 ж. дейін. неврология және нейрохирургия кафедрасын доцент Хайбуллин Талғат Нұрмұханұлы басқарды. “Шығыс Қазақстан халқы арасында ми инсультіндегі соматикалық патологияның негізгі факторларының клиникалық-эпидемиологиялық және этникалық ерекшеліктері” тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2018 жылы 26 шілде Т. Н. Хайбуллинге Семей қ. ММУ университетінің профессоры атағы берілді.
2018 жылдан бастап неврология және нейрофизиология кафедрасын доцент каймак Татьяна Владимировна басқарды. 1990 жылы “Тимустың пептидтік фракцияларының жүйке-бұлшықет берілу жағдайына және миастения ағымына әсері” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
2019 жылдан бастап кафедра атауы өзгерді-неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасы. 2019 жылдан 2022 жылға дейін кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Семенова Юлия Михайловна басқарды.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасын PhD докторы Оспанов Ерлан Абеуханович басқарады.
Қазіргі уақытта кафедрада:
Неврология
7 ассистент және 1 лаборант жұмыс істейді. Сабақтар 3 тілде – “Жалпы медицина”, “Стоматология” факультеттерінде 5 және 3 курстарда, “Жалпы дәрігерлік практика”, “Педиатрия” мамандықтары бойынша интернатурада және “Неврология, оның ішінде балалар” мамандығы бойынша резидентурада қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Кафедрада студенттер арасында жастардың өзекті мәселелері бойынша тәрбие жұмысы тұрақты түрде жүргізіледі, саяси ақпараттар, пікірталастар, мәдениет деңгейін арттыру және студенттерде туындайтын мәселелерін шешу бойынша медицина мен психологияның әртүрлі салаларының мамандарымен кездесулер үнемі өткізіліп тұрады.
Кафедраның барлық қызметкерлері үнемі оқыту сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізеді.
Кафедраның негізгі ғылыми бағыттары цереброваскулярлық патологиясы, шашыранды склерозы бар науқастарды диагностикалаудың, емдеудің және оңалтудың жаңа әдістерін әзірлеу, сондай-ақ перифериялық жүйке жүйесінің ауруларын, нейродегенеративті және жүйке-бұлшықет ауруларын зерттеу болып табылады.