Профессор Мусинов Д.Р. атындағы клиникалық онкология, радиология және ядролық медицина кафедрасы бай тарих пен заманауи тәжірибені ұштастырып, білім беру, ғылыми және клиникалық қызметтерді атқарады. Онкология кафедрасының тарихы 1975 жылы Семей облыстық онкологиялық диспансері базасында Семей медицина институтының онкологиялық курсы ұйымдастырылған кезден басталады. Курстың бірінші жетекшісі медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Виталий П.Р. 1983 жылы онкология кафедрасы құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі м.ғ.д., профессор А.Т. Бутенко болды. 1985-1993 жылдар аралығында кафедраны м.ғ.д., профессор В.Г. Черенков басқарды.

Русанов В.П. (с 1975 года по 1983 год)Черенков В.Г. (с 1985 года по 1993 год)Муканов А.Ж. (с 1994 года по 1999 год)

1994-1999 жылдары кафедраны м.ғ.к., доцент А.Ж. Мұқанов, ал 1999-2006 жылдары медицина ғылымдарының докторы, профессор Д.Р.Мусинов басқарды.

 

2006-2008 жылдар аралығында кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты Р.Ц. Жакупова, ал 2008-2013 жылдар аралығында медицина ғылымдарының докторы, профессор З.А.Манамбаева басқарды. 2013 жылдан 2021 жылға дейін кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Т.А.Адылханов, 2021-2024 жылдар аралығында PhD, ассоцирленген профессор Л.А.Пак басқарды.

2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі PhD докторы, ассоцирленген профессор Б.А. Апсаликов

Мусинов Д.Р. (с 1999 года по 2006 год)Жакупова Р.Ц. (с 2006 года по 2008 год)Манамбаева З.А. (с 2008 года по 2013 года)Адылханов Т.А. (с 2013 года)

Басшылықтың 2025 жылғы 8 мамырдағы шешімімен онкология және ядролық медицина кафедрасы радиология кафедрасымен біріктірілді.

Семей медицина институтының радиология кафедрасының тарихы 70 жылдан астам уақытты қамтиды: ол 1954 жылы құрылды, И.И. Пилгер оның бірінші басшысы болды. Одан кейінгі жылдары кафедраны профессорлар М.Т. Алияқпаров, О.М. Ким, доценттер Н.Ф. Андрященко, А.А. Шнайдер, А.К. Ахметбаева және т.б. басқарды. 2018 жылы сәулелі диагностика және ядролық медицина кафедрасы құрылды. 2021 жылдан бастап кафедра радиология кафедрасы болып өзгертілді.

Қазіргі уақытта профессорлық – оқытушылық құрамда профессор Мадиева М.Р., доцент Раисов Д.Т., доцент м.а. Абилтаева А.А., онкология кафедрасының меңгерушісі Қосымбаева Е.О., радиология кафедрасының меңгерушісі Муканова А.К., ассистенттер Мусульманова М.А., Рымбаева А.С., Жунисова Д.А., Салыкбаева К.С., Альмисаев К.А., Культуманова Н.М., сонымен қатар қосаатқарушылықта Танатаров С.З., Пак Л.А., Бекетова Б.Б., Нурпеисова К.Б., Тусупжанова А.К., Идрисова А.С.

Онкологтар мен рентгенологтардың сапалы даярлығын қамтамасыз ету үшін кафедра Ядролық медицина және онкология орталығы АО ДСБ, “СМУ” ҚеАҚ Университеттік ауруханасы, ЖЖА, «Хаким» и «Nova Diagnostic» клиникалық базаларына сүйенеді.

Оқу үрдісі онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау мәселелерін меңгеруге, скринингтік зерттеулер жүргізуге, ісіктерге күдік туындағанда дәрігердің тактикасын жасауға, сонымен қатар заманауи диагностикалық және емдеу әдістерін зерделеуге бағытталған. Тәжірибелік сабақтар емханада, қабылдау бөлімінде, стационарда науқастардың тікелей қатысуымен өткізіледі.

Кафедра ұжымы облыстағы онкология мен радиологияның дамуына зор үлес қосып, ғылыми-клиникалық жұмыстарды белсенді жүргізеді.

Қызметкерлер (12)

DSC09993
Кафедра басшысы, PhD доктор, ассоциирленген профессор.
Туған күні: 23.01.1985

Эл. пошта

bakytbek.apsalikov@smu.edu.kz

img_9653-1
Кафедра профессоры, медицина ғылымдарының докторы.
Туған күні: 15.01.1969

Эл. пошта

madina.madiyeva@smu.edu.kz

DSC09995
Кафедра доценты, биологиялық ғылымдар кандидаты

Эл. пошта

daniyar.raissov@smu.edu.kz

DSC00005
Ассистент
Туған күні: 23.03.1993

Эл. пошта

darya.zhunissova@smu.edu.kz

DSC00008
Бас оқытушы, медицина ғылымдарының магистрі

Эл. пошта

evgeniya.kosymbayeva@smu.edu.kz

DSC09991
Кафедра оқу ісінің меңгерушісі
Туған күні: 27.08.1988

Эл. пошта

aray.mukanova@smu.edu.kz

Байланыс ақпараты

Мекенжай

071400, Абай облысы, Семей қ., Құтжанов к-сі, 3, кабинеттер – 5, 6, 7

Эл. пошта

oncology@smu.edu.kz

Жұмыс кестесі

Дс. – Жм. 08:30–17:30

Фотогалерея