Шұғыл медицина кафедрасы 2017 жылы апат медицинасы кафедрасының базасында құрылған. 1993 жылдан бастап кафедраны жоғары санаттағы травматолог-ортопед (1993), ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, медицина ғылымдарының докторы (1990), профессор (1994) Дюсупов Ахметқали Зайнолдаевич басқарды.

Кафедра қызметкерлерінің медициналық-консультациялық жұмыстары жедел медициналық көмек бөлімінде, кардиология, пульмонология, жедел жәрдем ауруханасының травматология бөлімшелерінде, Семей медициналық университетінің Университеттік ауруханасында жүргізіледі. Қазіргі кезде шұғыл медицина кафедрасында жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттері, 6 курс интерн- терапевттері, 7 курс интерн- педиатрлары, резидент -педиатрлар  білім алып жатыр.

Шұғыл медицина кафедрасының негізі қаланғаннан бері қызметкерлер университеттің әдістемелік, ғылыми және медициналық жұмыстарына белсене араласты. Әдістемелік материалдар дайындалды және Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің 400-ден астам дәрігері мен медбикелері стационарлық кезеңде науқастарды медициналық іріктеу жүйесінде ЖОО-ның білім беру және клиникалық орталығына негізделген шұғыл жағдайдың ауырлық көрсеткіші (ESI) және шұғыл көмек алгоритмдері бойынша дайындықтан өтті. Қазақстанда алғаш рет 26 дәрігер дайындықтан өтіп, «Жедел және шұғыл медициналық көмек» дәрігері сертификатын алды. Кафедра қызметкерлері 2018-2019 жылдарға арналған жедел медициналық көмек көрсетудің жол картасын құрды.Госпитальдық кезеңде төтенше жағдайларға шалдыққан науқастарды триаж жүйесі бойынша тасымалдаудың стандартталған операциялық процедуралары жасалды. Кафедра қызметкерлері жыл сайын ғылыми жұмыстарға жетекшілік жасайды, университеттің ғылыми-техникалық бағдарламаларын іске асыруға қатысады, магистранттар мен PhD докторанттарын дайындайды, Scopus және Web of Science деректер базасында индекстелген халықаралық рецензияланған журналдарда ғылыми нәтижелерді жариялайды, Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетелдердегі халықаралық конференцияларға қатысады, университетті дамыту жобасының шеңберінде оқытушылар құрамының ғылыми құзыреттілігін арттыру курстарын өткізеді.

Кафедраның барлық қызметкерлері мамандықтары бойынша АҚШ, Түркия, Израиль, Ұлыбритания клиникаларында оқу курстарынан өткен. Кафедрада студенттік ғылыми үйірме жұмыс істейді. 2019 жылдан бастап шұғыл медицина мамандығы бойынша резиденттер дайындау жоспарланып отыр. «Клинико-патогенетикалық механизмдердің ғылыми- негізденген концепциясын кұру және политравмада кешенді реабилитацияны жандандыру» жобасында зерттеу жұмысы.

Қызметкерлер (12)

Дюсупов Алмас Ахметкалиевич
Кафедра меңгерушісі
Туған күні: 07.03.1973

Эл. пошта

almas.dyussupov@smu.edu.kz

фото Пивина1
Профессор м.ғ.к. бірінші санатты дәрігер-терапевт

Эл. пошта

lyudmila.pivina@smu.edu.kz

IMG_7337 (2)
Жоғары санатты дәрігер (балалар, ересектер пульмонологиясы, шұғыл медицина, терапия), медицина ғылымдарының кандидаты, «СМУ» КеАҚ шұғыл медицина кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Абай облысының бас пульмонологы

Эл. пошта

zhanar.urazalina@smu.edu.kz

Данные не найдены
Акимжанова Асель Кажымуканкызы
Ассистент, доктор PhD, жоғары санатты дәрігер-невропатолог (балалар)

Эл. пошта

aselle.akimzhanova@smu.edu.kz

Әукенова Жансая Төлеубайқызы
Медицина бакалавры,терапевт-дәрігер, шұғыл және жәрдем медициналық көмек дәрігері
Туған күні: 17.02.1995

Эл. пошта

zhansaya.aukenova@smu.edu.kz

Байбусинова Жанар Тюлутаевна
Ассистент, м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер гинеколог
Туған күні: 20.01.1973

Эл. пошта

zhanar.baibusinova@smu.edu.kz

Батенова
Ассистент, кафедра оқу ісі меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-кардиолог

Эл. пошта

gulnara.batenova@smu.edu.kz

bekbulatov_rinat_ravilevich
Бірінші санатты жедел жәрдем дәрігері
Туған күні: 07.06.1987

Эл. пошта

rinat.bekbulatov@smu.edu.kz

Козыкенов Аскар Абенович
Ассистент, м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер травматолог

Эл. пошта

askar.kozykenov@smu.edu.kz

manarbekova_togzhan_manarbekqyzy
Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, бизнес және басқару магистрі
Туған күні: 22.01.1996

Эл. пошта

togzhan.manarbekova@smu.edu.kz

Серикбаев Аскар Сеиткабылович
Ассистент, PhD, жоғары санатты дәрігер травматолог

Эл. пошта

askar.serikbaev@smu.edu.kz

Ыгиева
Ассистент, PhD, медицина ғылымдарының магистрі, терапевт дәрігер
Туған күні: 14.01.1994

Эл. пошта

diana.ygiyeva@smu.edu.kz

Байланыс ақпараты

Мекенжай

071400, Абай облысы, Семей қ., Мичурин к-сі, 140-а

Жедел медициналық жәрдем ауруханасы

Клиникалық база: ЖМЖА, «СМУ» КеАҚ УГ

Автобус бағыттары: 9, 12, 24, 35, 37, 39

Телефон

Қабылдау бөлімінің байланыс телефоны: 8 (7222) 777-334

Эл. пошта

emergency.medicine@smu.edu.kz, emergency@mail.kz

Жұмыс кестесі

Дс. – Жм. 08:30–17:30

Фотогалерея