Қалыпты физиология кафедрасының негізі 1953 жылы қаланған. Доцент Р.А. Лемкуль оның бірінші ұйымдастырушысы және жетекшісі болды. 1967 жылдан 1968 жылға дейін кафедраны профессор В.П.Скипетров басқарды. 1968 жылы кафедраны меңгеру профессор Е.М. Прокопьеваға жүктелді. Осы кезде кафедра Семей мемлекеттік институттың түлектерімен және Қаз ССР-на еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Т.А.Назарованың аспиранттарымен толықтырылды. 1974 жылдан 1978 жылға дейін кафедраны СММИ-ның түлегі, доцент А.Ш.Касенов, 1978 жылдан 1985 жылға дейін доцент А.П.Елисеева, 1985 жылдан 1994 жылға дейін профессор Т.Ф.Шевченко басқарды. 1994 жылдан 1996 жылға дейін кафедраны доцент У.А. Табаров, ал 2001 жылдан 2010 жылға дейін профессор Б.А. Жетписбаев басқарды.

1997 жылдан 2001 жылға дейін және 2010-2012ж. кафедраны доцент А.С. Сайдахметова басқарды.

Патологиялық физиология кафедрасын 1955 жылы доцент Назарова Тамара Александровна ұйымдастырған; 1960 ж. оған профессор ғылыми атағы берілді; 1982 ж. дейін патофизиология кафедрасының меңгерушісі болды; Т.А. Назарова емдеу факультетінің деканы, ғылым бойынша проректор лауазымдарын атқарды. 1963 – 1974 ж.ж. аралығында- Семей мемлекеттік мединститутының ректоры. 25 кандидаттық, докторлық диссертацияларының ғылыми жетекшісі. 1968 жылы оған «Қазақ ССР ғылымының еңбегі сінген қайраткері» құрмет атағы берілді. Т.А.Назарова қалалық және аудандық Советтердің 9 созывтың депутаты болып сайланды, Қазақстанның Коммунистік партиясының 12 съездінің делегаты болды, көптеген ордендар мен медальдармен марапатталды.

Шаймарданов Құбайдолла Айткалиұлы – кафедраның тұнғыш аспиранты. Аспирантураны бітіргеннен кейін, кафедрада ассистент, доцент, 7 жыл бойы емдеу факультетінің деканы болып жұмыс істеді. 1983– 1997 жж. – патофизиология кафедрасының меңгерушісі, 2002 жылы – СММА профессоры құрмет атағы берілді. «Денсаулық сақтау ісінің үздігіне» , «Еңбек ардагері» медалімен,(1981), және басқа да медальдар мен грамоталарымен марапатталды.

Нұрмұхамбетов Аділман Нурмухамбетұлы – 1962- 1965 ж.ж. аспирант, 1965 жылдан бастап ассистент, 1972 жылдан бастап доцент. 1975 жылдан бастап С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінде жұмыс істейді, бүгінгі күнде медицина ғылымының докторы, профессор, патофизиология кафедрасының меңгерушісі болды. Патологиялық физиология бойынша мемлекеттік тілде бес оқулықтың авторы.

Қасенов Аманжол Шаншалиұлы – 1960- 1963 ж.ж. аспирант, 1963- 1967 ж.ж. ассистент.1968 ж. қалыпты физиология кафедрасының доценті болып таңдалып, кафедра меңгерушісі болды.

Савицкая Любовь Ниловна – 1963- 1973 ж.ж. кафедра ассистенті болып жұмыс атқарды., 1974 жылы тері және венерологиялық аурулар кафедрасына ауыстырылды, медицина ғылымының докторы, профессор, кафедра меңгерушісі қызметінде болды.

Кравцов Владимир Иванович аспирантураны бітіргеннен кейін – (1964-1967 ж.ж.) кафедрада ассистент, доцент, кафедра профессоры болып жұмыс атқарды.1997 – 2004 ж.ж. патологиялық физиология курсының физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі болды.1994- 1999 ж.ж. – оқу– тәрбиелік жұмысы бойынша проректор. ҚазССР денсаулық сақтау Министрлігінің құрмет грамотасымен (1985 ж.), Қазақстан Республикасының халқын қорғау ісінде еңбегі сіңгені үшін “Қазақстан Республикасы деңсаулық сақтау ісінің үздігіне” төс белгімен (1996 ж.). «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төс белгісімен марапатталды (1998 ж.).

Исмаилов Нусуп Наутаевич – аспирантураны 1969 жылы бітірген; 1969 жылан бастап кафедра ассистенті болып жұмыс атқарды, кейін Өскемен қаласындағы Аймақтық патология институтында ғылыми жұмысын жүргізді, Талдықорған қаласындағы университетінің профессоры болды.

Садыков Женис Айтмуканович – 1969 жылдан бастап 1972 жылдар аралығында аспирант, содан кейін қалыпты физиология кафедрасының ассистенті қызметін атқарған. Өңірлік патология интститутының Шығыс Қазақстандық бөлімінде жұмыс істеді, «Невада – Cемипалатинск» қоғамдық бірлестігінің облыстық бөлімінің меңгерушісі болды.

Байбурин Мухаметхан Байбуринович – 1967 жылдан бастап 1970 жылдар аралығында кафедра аспиранты; Қазақ ұлттық медициналық университетінің (Алматы қаласы) патофизиология кафедрасының доценті болды.

Унисьянова Марзия Магавьяновна, 2004 – 2012 жылдар аралығында физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Унисьянова М. М. – медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1989 жылы кандидаттық, 1997 жылы докторлық диссертацияны қорғады. 1999 жылдан бастап 2004 жылдар аралығында қалыпты физиология курсының профессоры қызметін атқарды.

Распопина Нина Ивановна – 1971-1974 жылдары кафедра аспиранты. 1975 жылдан бастап кафедраның ассистенті, аға оқытушы болды. 1983 жылдан бастап кафедра доценті. 2004 жылы СММА профессоры атағы берілді. Распопина Н.И. қоғамдық қызметтер атқарды: БРИЗ хатшысы, кәсіптік одақ мүшесі (әлеуметтік сектор), өңірдегі ЖОО-ң ректорлар кеңесінің хатшысы. 1986 – 2009 жылдар аралығында университеттің ғылымдар кеңесінің ғылыми хатшысы болды. 1983 жылдан бастап Қазақстан кәсіптік одағы ХІІ сьездінің делегаты болды. ҚазКСР-нің, ҚР білім және ғылым департаментінің құрмет грамоталарының, «Еңбек ардагері» медалінің иегері. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің “Денсаулық сақтау үздігі” төс белгісімен марапатталды.

Жетписбаев Бекболат Адамович – 1979 жылдан бастап кафедра ассистенті; 1990 жылы кандидаттік, 1998 жылы докторлық диссертацияны қорғады. 1998 жылдан профессор, қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі. 2002 жылдан бала емдеу және тіс емдеу факультеттерінің деканы; медико – биологиялық пәндер бойынша проблемалық комиссияның төрағасы. 2005 – 2012 жылдары – оқу, әдістемелік, тәрбиелік жұмыстар бойынша проректор. 2012-2017 жылдары физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі. «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төс белгісімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің “Денсаулық сақтау үздігі” төс белгісімен марапатталды.

Канафина Маржан Музаффаровна – 1988 жылы Семей Мемлекеттік медициналық институтқа түсті. 1994 жылы Емдеу ісі мамандығы бойынша үздік бітірді. 1994-1996 жылдары аралығында қалыпты физиология кафедрасының ассистенті. 1996 – 1999 жылдары аспирант, 1999 жылдан бастап ассистент, 2005 жылдан бастап аға оқытушы және патофизиология кафедрасының оқу ісі бойынша меңгерушісі болды.

Жагипарова Жанар Амангельдиновна -1996-1999 жылдары аспирант. Семей ММУ-нің Павлодарлық филиалындағы арнайы пәндер кафедрасының меңгерушісі болған. 2008 жылдан бастап Емдеу ісі факультетінің декан орынбасары, Павлодар облысының бас аллергологы болды.

 

Кафедра қызметкерлері оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

Кафедрада физиологиялық зертхана бар, 2018 жылдан бастап шағын кітапхана ашылған, сабақ барысында көптілдік түрде өтеді. Кафедрадан м.а.доценті О.А. Усенова конкурстан өтіп, Башкент Университетінен тәжірибе алып келді.

2019 жылы ағылшын тілін меңгерген ПОҚ арасында екі оқытушы IELTS – 5.0-ті ҰТО нәтижесі бойынша тапсырды және сертификаттар алды.

2019-2020 ж. кафедра Башкент университетімен бірлесіп білім беру бағдарламаларын жасауға қатысты. ПОҚ барлық мамандықтар бойынша 1, 2 курс модульдері бойынша оқытудың біріктірілген бағдарламасы бойынша тақырыптық жоспарлар, блюпринттер дайындады.

Кафедра бойынша бұдан әрі дамыту жоспары-визитинг-профессорды шақыру. ПОҚ жақын шетел және ҚР медициналық ЖОО академиялық мобильділікті арттыру жоспарланған. Ғылыми жобаны әзірлеу. Студенттік ғылыми жобаларды жүзеге асыру. Биылғы оқу жылында кафедра ПОҚ арасында IELTS тапсыруға жоспарланған.

2007 жылдан бастап оқыту жаңа мамандықтар бойынша жүргізіледі, оның ішінде кредиттік технологиялық оқытуы бойынша және университеттің материалдық және техникалық базасы кеңейіп және нығайтылып келеді. Сол жылы Ғылыми кеңестің шешімімен Семей қ. ММУ патологиялық физиология кафедрасына «Профессор Т.А.Назарованың» құрметті атағы берілді, оның атынан дарынды студенттерге атаулы стипендиясы тағайындалады.

Ғылыми мақалалар, диссертациялар, оқу-әдістемелік нұсқаулар, өнертабыстар, рационалды ұсыныстар жазудан басқа, қалыпты және патологиялық физиология кафедрасында студенттерді оқыту, пәннің негізгі міндеттерін меңгеру- сырқаттын себеп-салдарын оқу, даму механизмін түсіну, эксперименталды дайындықтар мен клиникалық ойлау негіздерін меңгеру, яғни мұғалімдердің ерен еңбегі қажет және көптеген сыбайлас мамандықтар бойынша терең білім қажет.

Жыл сайын Т.А.Назарова атындағы патофизиологиялық физиология кафедрасы Ю.В.Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасымен бірлесіп студенттердің пәндік олимпиадасын өткізеді.

2019 жылдан бастап Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасы КеАҚ «Семей медицина университеті» ревматикалық ортопедия ғылыми мектебінің «Тірек-қимыл аппаратының жарақаттары мен ауруларын оңалту шараларының кешенін жасау» және жедел медициналық көмек және критикалық медицина мектебінің «Жедел жәрдем медицинасындағы критикалық жағдайлардың гемодинамикалық аспектілері» атты тақырыбындағы жобалардың мүшесі болды.

Қызметкерлер (17)

IMG_7569
Медицина ғылымдарының кандидаты, м. а. доценті, РЖА профессоры
Туған күні: 12.06.1968

Эл. пошта

saule.rakhyzhanova@smu.edu.kz

IMG_7559
Доцент, биология ғылымдарының кандидаты, қалыпты физиология кафедрасының доценті

Эл. пошта

aigul.saidahmetova@smu.edu.kz

IMG_4611
Профессор қызметін атқарушы, ассоцирленген профессор, медицина ғылымдарының кандидаты

Эл. пошта

nailya.urazalina@smu.edu.kz

Усенова
Биология ғылымдарының кандидаты, қалыпты физиология кафедрасының доцентінің м. а.

Эл. пошта

oksana.ussenova@smu.edu.kz

img_9294-703x1024
Аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Эл. пошта

kulsara.kussainova@smu.edu.kz

Токешева
Қалыпты физиология кафедрасының аға оқытушысы

Эл. пошта

gulmira.tokesheva@smu.edu.kz

abenov_alisher_askarovich
Туған күні: 20.02.2000

Эл. пошта

alisher.abenov@smu.edu.kz

alieva_ayzhan_serikkazyevna
Туған күні: 30.04.1986

Эл. пошта

ayzhan.aliyeva@smu.edu.kz

IMG_7207
2018 жылы медицина магистрі дәрежесіне ие болды. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін патологиялық физиология пәнінің оқу ісі бойынша меңгерушісі

Эл. пошта

olga.inozemtseva@smu.edu.kz

Канатбекова
2018 жылдан патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы

Эл. пошта

arailym.kanatbekova@smu.edu.kz

IMG_4614
PhD докторы, 2018-2022 жылдары патологиялық физиология кафедрасының меңгерушісі болды

Эл. пошта

zhanna.kozykenova@smu.edu.kz

Мусаханова
Туған күні: 25.11.1988

Эл. пошта

aizhan.musakhanova@smu.edu.kz

Шакабаева АА
Қалыпты физиология кафедрасының оқытушысы

Эл. пошта

aiym.shakabayeva@smu.edu.kz

Омарбекова
Препаратор, оқу бөлмелерді жинаушы және профорг

Эл. пошта

normal.physiology@smu.edu.kz

Байланыс ақпараты

Мекенжай

071400, Абай облысы, Семей қ., Абай к-сі, 338, 334, 335, 344 кабинеттер

Телефон

ішкі 1028

Эл. пошта

normal.physiology@smu.edu.kz

Жұмыс кестесі

Дс. – Жм. 09:00–18:00

Фотогалерея