Биология кафедрасы 1953 жылы құрылған. Алғашқы кезеңде кафедра құрамында меңгеруші, үш ассистент, үш лаборант және бір препарат даярлаушы болды.

Кафедраның алғашқы меңгерушісі б.ғ.д., профессор Е.А. Финкельштейн.

1956 жылы биология және генетика кафедрасының доценті ретінде

Л.В. Кельштейн қызметін бастады.

1962 жылы профессор Е.А. Финкельштейн зейнеткерлікке шыққан соң, Л.В. Кельштейн кафедра меңгерушілігін қабылдап, 1973 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін осы қызметті атқарды.

1973 – 1974 жж. кафедра меңгерушісінің міндетін доцент Л.И. Виноградов атқарды.

1974 – 1978 жж. кафедрада доцент М.В. Северин меңгеруші болды.

1978 жылдан кафедраны Қазақстанның еңбегі сіңген Ғылым және техника қайраткері, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА, ҚР ЖҒҰА, ҚР МҒА, Мәскеу қ. ақпарттандыру Академиясының академигі, Мәскеу қ. (Ресей) П.Г. Сергиев атындағы премиясының лауреаты, ШҚО-ның құрметті азаматы Төлеген Қазезұлы Раисов басқарды.   240-ден астам ғылыми жұмыстың, 6 монографияның авторы.

2009 жылдың қыркүйек айынан бастап  кафедраға биология ғылымдарының докторы Масығұт Рахымұлы Мынжанов жетекшілік етеді. Жаратылыстану ғылымдарының Ұлттық Академиясының мүшесі. Мәскеу қаласының  ВИГИС 1998 жылы докторлық жұмысын қорғап шықты. 3 монографиясы,  90 жуық шетелдік және отандық басылымдары бар, өнертабыстық 2 патенті бар.

2018 жылдың 2 наурыз күнінде кафедра салтанатты түрде ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атымен аталды.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР ҰҒА-ның академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Оразалина Айнаш Сапарқызы болды.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстары PBL, TBL, шағын топтармен жұмыс сияқты инновациялық әдістерімен толықтырылды, сабақтар мультимедиялық және интерактивті технологияларды қолдана отырып өткізілді. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Bashkent University (Анкара қаласы, Турция) бірге стратегиялық серіктестік құра отырып жаңа интеграциялы білім бағдарламасы KEYPS электронды платформасы енгізілді.

18 жыл бойы профоринтациялық жұмыс мақсатында, кафедра  қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған биология пәні бойынша Қалалық және Облыстық Олимпиадалар өткізілуде.

2018-2019 оқу жылында кафедраның 3 қызметкері IELTS (5,5 және одан жоғары) емтихан тапсырып, сертификаттарға ие болды. Кафедрада «Molecular Genetics Researches» кафедралық студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме студенттері әртүрлі халықаралық және республикалық конференцияларға, сондай-ақ университет деңгейінде өткізілетін конференцияларға белсенді қатысады. Үйірме студенттері түрлі сыйлықтарға ие болып, мақтау қағаздарымен және дипломдармен марапатталды.

Кафедрада «Студент-донор», студенттік жастар ұйымы жұмыс жасайды, бұл ұйымның негізгі мақсаты,  студенттер мен жергілікті тұрғындар арасында ерікті түрде донорлық қозғалысты, ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізу.

 

Болашақта дамудың жоспары – «Мегалаб» жоспарлы ғылыми зертханасының мүмкіндіктері арқылы молекулалық биология, биотехнология, медициналық генетика, гендік инженерия саласындағы мамандандырылған білімді кеңейту.

Қызмет саласы: организмнің бейімделуінің иммунологиялық және биохимиялық механизмдерін, цитогенетикалық өзгерістерді және иондаушы сәуленің ағзаға әсерін зерттеу, адам геномын зерттеу.

Қызметкерлер (10)

Оразалина Айнаш Сапаровна
Биология ғылымдарының кандидаты, доцент. Ғылыми кеңестің ғылыми хатшысы
Туған күні: 31.10.1969

Эл. пошта

ainash.orazalina@smu.edu.kz

Мынжанов Масыгут Рахимович
Биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жаратылыстану ғылымдары Ұлттық Академиясының корреспондент-мүшесі

Эл. пошта

masygut.mynzhanov@smu.edu.kz

Ибраева Гульжан Рахимжановна
Биология магистрі, аға оқытушы

Эл. пошта

gulzhan.ibraeva@smu.edu.kz

Ғалымбеков Дәулет Жанарбекұлы
Оқытушы, медицина ғылымдарының магистрі

Эл. пошта

daulet.galymbekov@smu.edu.kz

daneshova_alfiya_muhtarovna
Оқытушы
Туған күні: 10.09.1994

Эл. пошта

alfiya.daneshova@smu.edu.kz

Елькенова Ботакоз Зейноллаевна
Оқытушы, биология магистрі

Эл. пошта

botakoz.elkenova@smu.edu.kz

Кожахметова Балжан Балташевна
Оқытушы. Педагогика ғылымдарының магистрі

Эл. пошта

balzhan.kozhakhmetova@smu.edu.kz

rahimgalieva_pakizat_sarmanovna
Биология магистрі, философия докторы PhD
Туған күні: 16.04.1988

Эл. пошта

pakizat.rakhimgaliyeva@smu.edu.kz

Данные не найдены

Байланыс ақпараты

Мекенжай

071400, Абай облысы, Семей қ., Абай к-сі, 103, кабинеттер 312, 313, 314, 315, 316, 317, 318, 319, 321, 322, 323, 325

Телефон

8(7222)56-33-53

Эл. пошта

molecular.biology@smu.edu.kz

Жұмыс кестесі

Дс. – Жм. 09:00–16:00

Фотогалерея