Кафедраның құрылу тарихы: Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білімін реформалаудың 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес студенттер мен интерндердің муляждар мен интерактивті компьютерлік манекендерде практикалық дағдыларды меңгеру сапасын арттыру мақсатында, патронаждық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі нұсқауымен 2007 жылы университетте Клиникалық оқу орталығы (бұдан әрі – ОКО) құрылды. Құрылған күннен бастап ОКО-ты м.ғ.к. Ж.К. Смаилова басқарды. 2014 жылдан бастап оқу-клиникалық орталығының жаңа басшысы болып Н.С.Смаилов тағайындалды. 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап ОКО-ты доцент Д.А. Мұқанова басқарды. 2018 жылдың қаңтарында орталықта Қазақстандағы бірінші Триаж жаттығу аймағы ашылды. Шұғыл көмек көрсету жағдайлар бөлімінің функционалдық дизайны білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдық, университет дамуының жаңа стратегиялық бағытына – «Шұғыл көмек көрсету медицинасы» сәйкес оқу үдерісін жаңғырту болып табылады. Сол жылдан бастап ОКО –да Қазақстанның 20 пилоттық ұйымының медицина қызметкерлерін «Жарақаттанған жағдайда (апат, полижарақат, 3-Н жүйесі) ауруханаға дейінгі кезеңде жедел медициналық көмек көрсету» циклі бойынша оқытуда. 2019 жылдан бастап ОКО симуляциялық технологиялар кафедрасына айналды. Симуляциялық технологиялар кафедрасының жағдайында оқыту, жеке дағдыларды меңгеруге ғана емес, сонымен қатар дисциплина аралық оқытуға, командалық жұмыс дағдыларын меңгеруге, коммуникативті дағдыларды және пациентпен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған. 2019 жылдан бастап кафедра базасында интерндердің қорытынды тәуелсіз емтиханының екінші кезеңі өткізілуде. 2022 жылы қайта құруға байланысты симуляциялық технологиялар кафедрасы Медициналық білім беру кафедрасымен біріктіріліп, симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасы деп аталды.

Қазіргі уақытта симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасында 13 қызметкер жұмыс істейді, 10 – профессорлық-оқытушылық құрам және 3 – ОКП: кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Муканова Д.А., оқу ісінің меңгерушісі Смағұлова Ж. .И., оқытушылар: Ковылина Р.А., Мұсабекова Н.Е., Ван О.Т., Мамырханова Г.М., Ықыбаева Н.Б., маман Амешова Г.Т., аға шебері Лаврухина И.В., әдіскер Аббасова З.

Кафедрада жалпы медицина факультетінің 2,3,5 және 7 курстардың практикалық дағдалырын бағалау жүргізіледі. Сондай – ақ шұғыл медицина бойынша дәрігерлерге фельдшерлерге және медбикелерге арналған біліктілікті арттыру курстары мен оқу орнындағы барлық профессорлық -оқытушылық құрамын педагогикалық бағытта оқыту курстары ұйымдастырылады.

Мақсаты: Дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі дәрежедегі жоғарғы сапалы тәжірибелік дайындығы бар мамандарды дайындау арқылы ҚР аумағында бәсекеге қабілетті, жоғарғы технологиялық оқу клиникалық орталығына айналу.

Білім беру саласында симуляциялық оқытуды қолдануды одан әрі кеңейте отырып, Қазақстан Республикасының аумағында бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялық оқу-клиникалық орталығын, дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі дәрежедегі жоғарғы сапалы тәжірибелік дайындығы бар мамандарды дайындау арқылы дамыту және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық шеберлігін арттыруға үлесін қосу.

Тапсырмалар мен функциялар:

  • Симуляция белсенді оқыту және бақылау нысаны ретінде имитациялық әдістемені жетілдіру, интеграцияланған дисциплина аралық модельдеу сценарийлерін енгізу.
  • Оқыту –профессорлық құрамның біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Қазіргі жоғары білім берудегі жаңа тенденцияларды зерделеуді, сондай-ақ инновациялық технологияларды дамытуды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік білім, білік және дағдыларды жаңарту бойынша оқытушылардың сұраныстарын қанағаттандыру.
  • Оқытудың нәтижелерін оқу үдерісіне кейіннен енгізе отырып, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру және кәсіби іс-әрекетке жеке қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау.
  • Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларға, ғылыми жұмыстар конкурстарына, олимпиадаларға қатысуын қамтамасыз ету.
  • Жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған оқушылармен тәрбие жұмысы, студенттерді волонтерлік қызметке тарту.

Қызметкерлер (10)

IMG_9786
Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, жоғары санатты дәрігер-терапевт, РОСОМЕД мүшесі
Туған күні: 12.08.1969

Эл. пошта

dinara.mukanova@smu.edu.kz

img_95161
Кафедра оқытушысы

Эл. пошта

olga.van@smu.edu.kz

kakimzhanova_madina_kanatkyzy
Туған күні: 05.11.1996

Эл. пошта

madina.kakimzhanova@smu.edu.kz

image-placeholder.jpg
Оқытушы, медицина ғылымдарының магистрі

Эл. пошта

gulnara.mamyrkhanova@smu.edu.kz

IMG_9791
Кафедра оқу ісінің меңгерушісі және оқытушысы

Эл. пошта

zhanar.smagulova@smu.edu.kz

yqybaeva_nazgul_baqytqaliqyzy-1
Оқытушы
Туған күні: 09.11.1993

Эл. пошта

nazgul.ykybayeva@smu.edu.kz

Байланыс ақпараты

Мекенжай

071400, Абай облысы, Семей қ., Абай к-сі, 103

Телефон

8(7222)52-19-05 (ішкі 1139, 1140)

Эл. пошта

simtech@smu.edu.kz

Жұмыс кестесі

Дс. – Жм. 08:00–17:00

Фотогалерея