Кафедраның тарихы:
Жұқпалы аурулар эпидемиология курсымен кафедрасы 1957 жылы құрылған.
Кафедра меңгерушілері болды:
- м.ғ.к., доцент А. А. Аубакиров (1957-1960);
- м.ғ.д., доцент Л. М. Барановский (1960-1972);
- м.ғ.д., профессор Е. С. Белозеров (1972-1982, 1985-1986);
- м.ғ.к., доцент Б. Т. Хряпов (1987-1988);
- м.ғ.д., профессор Л. А. Муковозова (1982-1985,1989-2002);
- м.ғ.д., профессор Н. К. Шаймарданов (2002-2010);
- м.ғ.к., доцент С.Б. Маукаева С.Б. (2018-2022);
- м.ғ.д., профессор Н. К. Шаймарданов 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін).
Жұқпалы аурулар пәні
2010 жылдан бастап «Жұқпалы аурулар» пәні апаттар медицинасы, неврология, психиатрия және жұқпалы аурулар кафедраларының құрамында болды, 2017 жылдан бастап дерматовенерологиямен біріктірілді; 2018 жылдан 2022 жылға дейін иммунологиямен біріктірілді.
Профессор Е.С.Белозеровтың жетекшілігімен 88 кандидаттық және 23 докторлық диссертация қорғалды, 29 монография мен 4 оқу құралы жазылды, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, 1986 жылы СММИ ректоры, 1986-1995 жылдары Алматы медицина институтының ректоры қызметтерін атқарды.
Профессор Л.А. Муковозова 1995-1996 жылдары СММИ ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарды. Оның жетекшілігімен 10 кандидаттық және 2 докторлық диссертация қорғалды, 1 PhD докторанты қорғалды, 1 монография және жұқпалы аурулар бойынша анықтамалық шығарылды.
Эпидемиология курсына кейіннен Мәскеуде бас дәрігер болып істеген доцент Б.Т.Хряпов көп еңбек сіңірді.
Профессор Н.Қ. Шаймарданов 13 медицина ғылымының кандидаты мен 1 медицина ғылымының докторын дайындады, 4 монография шығарды, университетте салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығын құрды және оны 10 жыл басқарды.
Қазіргі уақытта кафедрада 2 медицина ғылымдарының докторы: Семей мемлекеттік медицина университетінің еңбек сіңірген профессоры Л.А.Муковозова және Қазақстан Республикасы Медицина ғылымдары академиясы корреспондент-мүшесі, профессор Н.Қ. Шаймарданов, 4 медицина ғылымдарының кандидаты: профессор С.Б.Маукаева, доцент, СММУ-нің профессоры Г.И.Нұралинова, доцент А.З.Тоқаева, доцент Е.М.Смайыл; ассистенттері: Ж.Б.Исабекова, С.С.Кәрімова, А.С. Смаилова; лаборант М.Е.Қыржубаева
Дерматовенерология пәні
Дерматовенерология кафедрасы 1957 жылы құрылды. Кафедраның негізін қалаушы доцент Р.Х. Абдусаметов болды. (1957-1976), сонымен қатар бірнеше жыл СМИ-дің ғылым жөніндегі проректоры болды.
Кейіннен кафедраны 1975-1982 жылдары профессор Базыка А.П. басқарды – әлемге әйгілі ғалым, тамаша оқытушы және клиницист, көптеген ғылыми еңбектер, оның ішінде екі монография жазған.
1982 жылдан 2002 жылға дейін кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Л.Н.Савицкая басқарды, 300-ден астам ғылыми еңбектердің, 20 өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстардың авторы болды және 7 медицина ғылымының кандидаттарын дайындады.
2002-2016 жылдар аралығында кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Ж.Н. Нұрмұхамбетов басқарды. Оның жетекшілігімен 3 кандидаттық диссертация қорғалды, 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 өнертабыстың және 2 монографияның авторы.
2017-2022 жылдар аралығында кафедраны PhD докторы, доцент Ахметова А.К. басқарды, 170-тен астам жарияланымның, оның ішінде Web of Science және Scopus деректер қорына енгізілген ғылыми журналдардың, 3 рационализаторлық ұсыныстың, 5 оқу-әдістемелік құралының, 1 монографияның, 4 патенттің авторы. WoS Hirshe Index – 4. Оның жетекшілігімен мақалалар топтамасы түрінде 1 докторлық диссертация (PhD) қорғалды (Қазақстанда алғаш рет)
Осы жылдар ішінде кафедрада: м.ғ.к., доцент Жүнісова А.Қ., м.ғ.к., доцент Беляева Т.М., ассистенттер: Русанова В.В., Хряпова Т.В., м.ғ.к. Храмых-Оверченко Н.М., м.ғ.к. Сүндеева Е.А.; Магистр Ибраева Т.Б. жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта дерматовенерология пәнінен профессор Ахметова А.К., м.ғ.д., доцент Султанова Н.К., ассистенттер Муратова А.М. және Амангелді Н.Ж. жұмыс атқарады.
Кафедра «Ересектер және балалар дерматовенерологиясы» мамандығы бойынша резиденттерді дайындайды.
Кафедра қызметкерлері студенттерге арналған көптеген әдістемелік құралдарды, соның ішінде «Терінің саңырауқұлақ аурулары», «Фотодерматоздар», қазақ тіліндегі бірқатар оқу құралдарын дайындады: «Микоздар», «Пиодермиялар», «Дерматиттер», «Экзема», «Нейродерматоздар», «Пемфигус» және
«Терінің аллергиялық аурулары», «Эмоционалды стресс және бейімделу бұзылыстарын түзету», «Саңырауқұлақ және паразиттік тері аурулары» монографиялары соңғы жылдары жарияланды.
Иммунология пәні
Клиникалық иммунология және аллергология кафедрасы Кеңес Одағында алғашқы рет 1986 жылы СМИ ректоры, профессор Е.С.Белозеровтың бастамасымен ұйымдастырылды.
1986 жылы кафедраның бірінші меңгерушісі доцент Қ.Б.Садықов, кейіннен 1987-2009 жылдары кафедра мен курстың меңгерушісі доцент Ф.Ф.Ягофаров, 2010-2018 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Х. С.Жетпісбаева.
Қазіргі уақытта иммунология пәнінен сабақ береді: м.ғ.к., доцент Ягофаров Ф.Ф., м.ғ.к., доцент Құдайбергенова Н.Қ., ассистенттер: м.ғ.к. Қозубаева Д.Б., магистр Абдрахманова Г.Ж., Тураханова Б.С.
Кафедраның ғылыми бағыты – екіншілік иммундық тапшылықтарды, иммундық бейімделу механизмдерін, аллергиялық тері ауруларын (экзема және атопиялық дерматит) зерттеу.
Кафедра «Аллергология және иммунология, ересектер, балалар» және «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандықтары бойынша резиденттерді дайындайды. Кафедра қызметкерлері аллергиялық және иммунопатологиямен ауыратын науқастарға КеАҚ СМУ университеттік госпиталінде консультациялық көмек көрсетеді.


















