1953 жылы қыркүйекте қызметкерлердің жергілікті комитеті ұйымдастырылды, 1983 жылы жергілікті комитет кәсіподақ комитетіне айналды, 2003 жылы университет қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті мен студенттер кәсіподақ комитеті біріктірілді, ол қазіргі уақытта сәтті жұмыс істейді.

Кәсіподақ комитетінің бірінші төрағасы В. Г. Матяш болды. Келесі жылдары кәсіподақ комитетін З. А. Потемкина, М. П. Исаханов, И. З. Хайралиев, С. Ш. Шәріпов, М. М. Оразалин, О. Әділханов, М. Н. Мусин, Б. И. Вожиков, О. А. Әділханов басқарды , Н. Н. Наурызов, С. Қ. Сейілханов, Н. С. Смаилов, Б. С. Советов.

2024 жылдың қыркүйек айынан бастап университет кәсіподағы «Сенім» денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағынан шығып, дербес ұйым құрды — «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі.
Кәсіподақ мүшелерінің ашық жиналысының шешімімен Атқару комитеті төмендегідей құрамда бекітілді:
Букатов Аскар Кенжебекұлы — төраға
Шайрмарданов Ержан Құбайдоллаұлы — төрағаның орынбасары
Жылқыбаева Айжан Шәріпқызы — еңбек қорғау секторы
Жайырбаева Жананұр Қамбарқызы — ардагерлермен жұмыс және мәдени-бұқаралық сектор
Селихов Иван Вячеславович — спорт секторы
Хатшы: Бикажанова Арай Ердоcқызы
Бухгалтер: Болесов Ержан Ерсінғазинович
Кәсіподақ кеңесшілері:
Смаилов Нұрбек Сәденұлы
Рахимова Баян Балташқызы
Жергілікті кәсіподақтың мақсаты — университет қызметкерлерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық және кәсіби құқықтары мен мүдделерін қорғау және ұсыну, сонымен қатар корпоративтік мәдениетті дамыту, ұжымның бірлігін нығайту және қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын (СӨС) насихаттау.
Кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары:
•әкімшілік пен қызметкерлер арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту;
•әділ және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;
•мәдени-бұқаралық, спорттық және сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;
•әлеуметтік қолдау және ынталандыру бағдарламаларын жүзеге асыру;
•корпоративтік рухты нығайту және қызметкерлердің белсенді қоғамдық өмірге қатысуын арттыру.
Семей медицина университетінің жергілікті кәсіподағы өз мақсаттары мен қағидаттарын — ынтымақтастықты, әлеуметтік жауапкершілікті және өзара көмекті қолдайтын барлық қызметкерлерге ашық.

Тіркелген құжаттар

Қызметкерлер (5)

Букатов Аскар Кенжебекович-преподаватель
Медицина ғылымдарының магистры. Оқытушы. Кәсіподақ комитетінің төрағасы

Эл. пошта

askar.bukatov@smu.edu.kz

_MG_8462
Филология және шетел филологиясы магистрі
Туған күні: 01.01.1986

Эл. пошта

zhananur.zhairbaeva@smu.edu.kz

Жылкыбаева Айжан Шариповна
«СМУ» КеАҚ бас ғимаратының әкімшісі

Эл. пошта

aizhan.zhylkybaeva@smu.edu.kz

Шаймарданов Е.К
Психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті

Эл. пошта

yerzhan.shaimardanov@smu.edu.kz

Байланыс ақпараты

Мекенжай

071400, Абай облысы, Семей қ., Абай к-сі, 103, кабинет 130

Жұмыс кестесі

Дс. – Жм. 09:00 – 18:00