«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қазандағы № 666 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан заңнамада белгіленген тәртіппен қосылу және қайта құру жолымен жарлық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
«Семей медицина университеті» КеАҚ акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.