Студенттік ғылыми қоғам – ғылыми-зерттеу жұмыстарына (бұдан әрі – ҒЗЖ) бейімділік танытатын және оған белсенді қатысатын студенттерді біріктіретін «Семей медицина университеті» КеАҚ студенттерінің ерікті бірлестігі.
СҒҚ мақсаты: студенттердің білім беру процесінде ғылыми зерттеудің дәлелді қажеттілігін және тұлғаның шығармашылық өзін-өзі дамытуына ықпал ету қабілетін дамытуды көздейтін студенттердің зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау; ерте мамандандыруға, болашақ кәсіби қызметке бағытталған және кәсіби шеберлікті қалыптастырудың негізі болып табылатын кәсіби ғылыми білімдерді, дағдыларды қалыптастыруға және одан әрі жетілдіруге ықпал ету.
Міндеттері:
- СҒҚ мүшелерінің зерттеу қызметіне, өзекті зерттеулерді ұйымдастыруына және жүргізуіне қызығушылығын дамыту.
- Студенттердің шығармашылық және ғылыми жан-жақтылыгын, неғұрлым толық дамыту және іске асыру үшін жағдай жасау.
- Жеке зерттеу жұмысын таңдап, жұмыстың нәтижесі ретінде ғылыми жоба, мақала, проект жасау.
- СҒҚ оқыту функциясының рөлін арттыру: тақырыптық сабақтар, семинарлар, консультациялар өткізу.
- Компьютерлік технологияларды белсенді пайдалану кезінде студенттердің зерттеу нәтижелерін көпшілік алдында ұсыну дағдыларын қалыптастыру.
- Студенттерді әртүрлі деңгейдегі ғылыми іс-шараларға қатысуға тарту.
- Өзара ақпарат және білім алмасу арқылы оқытушылар мен студенттер арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру.








